Әкім суға батқан көліктегі жолаушыларды құтқарған екі адамға 5 миллион теңгеден берді
Әкім суға батқан көліктегі жолаушыларды құтқарған екі адамға 5 миллион теңгеден берді
Фото: Ж.Қасымбектің Facebook-тағы парақшасынан алынды
598
оқылды
Қарағанды облысында мұз үстімен өтпек болған көлік мұз жарылып суға батып кеткен. Көліктегі жолаушыларды аман алып қалған екі адамға облыс әкімі сый-сияпат көрсетті. Бұл туралы Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек Facebook-тағы парақшасында жазды. «Президентіміз ұлықтау рәсімінде нағыз қаһармандардың халық арасында екенін айтқан еді. Соның дәлелі біздің жерлестеріміз Оразалы Асылханов пен Думан Кәкенов екі әйел мен екі баланы құтқарды. Оларға алғашқы медициналық көмекті көрсетіп, кәсіби деңгейде әрекет етті. Бұқар жырау ауданының тұрғыны Думан Кәкенов суға батып бара жатқан көлікті көріп, осы көліктің жолаушысы болған Оразалыға жолаушыларды құтқаруға бағытталған алғашқы шараларды іске асыруға көмектесті. Жедел қабылданған шаралардың арқасында жерлестеріміз қайғылы жағдайға жол бермеді. Соған байланысты Думан Кәкенов пен Оразалы Асылхановты әрқайсысын 5 миллион теңге көлеміндегі сыйақымен көтермелеу туралы шешім қабылдадым. Сонымен қатар Оразалыны жұмысқа орналастыруға жәрдем көрсетеміз. Бұған қоса, Қарағанды облысының ТЖД бұл жігіттерді марапатқа ұсынады», – деп жазды әкім. Бұған дейін Нұра өзеніне батып кеткен көліктер туралы жазған болатынбыз.