Жемқорлыққа қатысы бар деген күдікпен Қайрат Боранбаев қамауда отыр. Оның туысы А. Боранбаев Қаржылық мониторинг агенттігінің екі қызметкеріне пара берген. Бұл туралы Қаржылық мониторингі агенттігі хабарлады.
«Қаржылық мониторинг агенттігінің жекелеген қызметкерлеріне қатысты сыбайлас жемқорлық жасау фактісі анықталды. Мәселен, тергеумен қамауға алынған Қ.С. Боранбаевтың туысы – А.Т. Боранбаевтың жедел бөлімшелердің жекелеген қызметкерлеріне заңсыз сыйақы беру фактісі әшкереленді. Сот А.Т. Боранбаевқа және екі қызметкерге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді» делінген агенттік таратқан ресми хабарламада.Бұған дейін Қайрат Боранбаевтың туған інісіне іздеу жарияланғаны туралы жазған болатынбыз.