Тунис құрамасы Францияны жеңіп, сенсация жасады
Тунис құрамасы Францияны жеңіп, сенсация жасады
Тунис құрамасы Франция құрамасын сенсациялық түрде ұтты, бірақ әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне өте алмады. Үшінші турдың Аль-Райяндағы кездесуі 1:0 есебімен африкалықтардың минималды жеңісімен аяқталды. Франция бапкері Дидье Дешам Туниспен матчқа қосалқы құрамды шығарды. Сөйтіп, Тунистен ұтылғанына қарамастан, Франция өз тобында бірінші орынға ие болды. Әлем чемпиондары 1/8 финалда С тобында екінші орын алған командамен шеберлік байқасады.