Мемлекет басшысы Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Тимур Сүлейменовтің жетекшілігімен орталық және жергілікті атқарушы органдардың қысқы жылыту маусымына дайындығын тексеру үшін комиссия құруды тапсырды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Комиссия құрамына Бас прокуратура, Жоғары аудиторлық палата, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің және басқа да уәкілетті мемлекеттік органдардың өкілдері кіреді. Президент жұмысты он күн ішінде нақты қорытындылармен және ұсыныстармен аяқтауды тапсырды. Бұған дейін кеше кешке Үкімет басшысы Әлихан Смайылов жұмыс сапарымен бірнеше күннен бері жылусыз отырған Екібастұз қаласына барғанын хабарлаған болатынбыз.