Starlink спутниктік интернетін Қазақстан да қолдануы мүмкін

Рисунок1
Ең суық шалғай аудандарда да спутниктік интернет қызметі бар. Фото Getty Images сайтынан алынды

Еуропада Илон Масктің Starlink спутниктік интернет қызметі Испания, Франция, Германия және Италия сияқты елдерде жұмыс істейді. Бір қызығы, Украина кезекте тұрған аймақ деп аталады. Бірақ, Украинаның жерүсті байланыс инфрақұрылымы әскери шабуылға ұшырағандықтан, азаматтар мен армияның коммуникациясы Starlink терминалдары арқылы жүріп жатыр. Aikyn.kz осы спутниктік жүйенің қандай елдерде қолданылатыны туралы Slash Gear сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Рисунок2
Жақында Канада мен Алясканы қамту үшін Starlink интернет қызметін кеңейтті. Фото Getty Images сайтынан алынды

Украинадағы Starlink-ті қолдау жобасын АҚШ үкіметі қаржыландырғаны белгілі. SpaceX жүздеген миллион доллар жұмсауды қарастырып жатқаны және үкіметтен көмек қажет екенін айтқан Маск Украинадағы Starlink жұмысын жалғастыратынын мәлімдеді.

Рисунок3
Илон Маск спутниктік интернет қызметі Швеция мен Норвегияда, Финляндияда қолжетімді екенін хабарлады. Фото Getty Images сайтынан алынды

Илон Маск компаниясы өзінің спутниктік интернет қызметі Швеция мен Норвегияда қамтуды кеңейткеннен кейін Финляндияда да қолжетімді екенін хабарлады. SpaceX-тің жақын болашаққа арналған үлкен жоспарлары бар.

Жақында компания бүкіл Канада мен Алясканы қамту үшін Starlink интернет қызметін кеңейтті. Ресми Starlink веб-сайтындағы қамту картасы қазір дәл осындай аттас спутниктік интернет қызметі Солтүстік Американың барлығында дерлік қолжетімді екенін көрсетеді.

Бразилия мен Чилиді қоса алғанда, Латын Америкасының бірнеше аймағында да спутниктік жүйе қосылған. Starlink ең суық шалғай аудандарда да спутниктік интернет қызметін ұсына отырып, бүкіл Солтүстік Американы қамтыған маңызды кезеңге жетті.

Рисунок4
Азияда Starlink жұмысы қазіргі уақытта шектеулі. Жапония мен Аустралия SpaceX қызметіне ресми рұқсат берді. Фото Getty Images сайтынан алынды

Компания өз жоспарларында бүкіл Африканы, Латын Америкасының көп бөлігін, Гренландияны және Оңтүстік-Шығыс Азияны да қамтығысы келетінін айтады.

Айта кетерлік жайт, геосаяси шиеленіс пен ұлттық қауіпсіздік мәселелеріне байланысты Қытай мен Ресей «күту тізімінде» де, «жақында» қосылатындардың ішінде де жоқ.

Азияда Starlink жұмысы қазіргі уақытта шектеулі. Тек Жапония мен Аустралияда SpaceX қызметіне ресми рұқсат берілген.

Рисунок5
Starlink Maritime теңізде еш кедергісіз қызмет етеді. Фото Getty Images сайтынан алынды

Рисунок6

Қазіргі қымбат яхталар да Starlink Maritime қызметін қолданады. Фото Getty Images сайтынан алынды

Ал, SpaceX болса Starlink Maritime деп аталатын өзінің теңіз қызметі арқылы осы географиялық шектеулерді айналып өтуге тырысады.

Қазірдің өзінде Starlink Maritime-ның қамту картасы Солтүстік Америка мен Батыс Еуропаның, Оңтүстік Америка мен Аустралиядағы Бразилия мен Чилидің жағалауын қамтитынын көрсетеді. Дегенмен, 2023 жылдың бірінші тоқсанында SpaceX халықаралық дәліздің барлығын дерлік қамтуды жоспарлап отыр.

Енді бірнеше жылда Starlink тәрелкелері Орталық Азия мен Қазақстанға да келіп қалар. Шалғай ауылдарға интернет қосу экономикалық жағынан тиімді болса қазақ Үкіметі бұл мәселені де оң шешеді деп үміттенеміз.

Байқау айқын
Байқау айқын
Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.