Үздік спортшылары көп аудан
Үздік спортшылары көп аудан
277
оқылды
Атырау облысы Құрманғазы ауданы еліміздің  «ең үздік спорттық ауданы» атанды. Ресеймен шекаралас ауданның еліміз бойынша үздік атануы ­– Атырау өңірі үшін зор жетістік. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері Комитетінде облыстық спорт басқармаларының басын қосқан үлкен жиында мәлім болды.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова қатысқан жиында  саладағы жетістіктер мен қордаланып қалған проблемалар бойынша басшылардың есебін тыңдады. 
Сонымен қатар, 2019 жылдың қорытындысы бойынша спортшылар, жаттықтырушылар, дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандар «Үздік» номинациясы берілді. «Аудандық үздік дене шынықтыру және спорт бөлімі» номинациясында Атырау облысы Құрманғазы ауданы дене шынықтыру және спорт бөлімі жеңімпаз атанды.    width= Құрманғазы ауданында спорттық инфрақұрылымға басымдық берілген. – Былтыр Ақкөл ауылында жаңа спорт кешені бой көтерді. Ауданда мемлекеттік қызметшілер спартакиадасы жоғары деңгейде өтіп, Құрманғазы ауданыны оныншы мәрте жеңімпаз атанды. Спорт түрлері аса қарқынды даму үстінде, ­­– дейді Атырау облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ринат Ибрагимов. Тұрсын  ЖҰМАБЕКҚЫЗЫ, Атырау облысы