Солтүстік Қазақстан облысының әкімі ауысты
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі ауысты
Фото: 7kun.kz
Айдарбек Сейпілұлы Сапаров Солтүстік Қазақстан облысының әкімі лауазымына тағайындалды. Президент Жарлығы Ақорданың сайтында жарияланды. Айдарбек Сапаров 1966 жылы 12 маусымда Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Омбы ауыл шаруашылығы институтын (1992), Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін (2006) зооинженер мамандығы, мемлекеттік басқару бакалавры бойынша тәмамдаған. «Құрмет», «Парасат» ордендерімен, «Астанаға 10 жыл» мерейтойлық медальмен марапатталған. 1984 жыл, тамыз – 1984 жыл, қазан – совхоз бухгалтері, Солтүстік Қазақстан облысы; 1992 жыл, қыркүйек – 1995 жыл, қазан – зоотехник- орындаушы, Калинин атындағы шаруашылықтың коммерциялық директоры, Солтүстік Қазақстан облысы; 1995 жыл, қазан – 2003 жыл, қыркүйек – директор, «Ноғайбай» ЖШС бас директоры, Солтүстік Қазақстан облысы; 2003 жыл, қыркүйек – 2005 жыл, ақпан – «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» АҚ Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы директорының орынбасары, Петропавл қаласы; 2005 жыл, ақпан – 2006 жыл, наурыз – «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» АҚ Солтүстік Қазақстан облыстық өкілдігі директорының бірінші орынбасары, Петропавл қаласы; 2006 жыл, наурыз – 2006 жыл, қыркүйек – Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің облыстық аумақтық басқармасының басшысы, Петропавл қаласы; 2006 жыл, наурыз – 2006 жыл, қараша – Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің облыстық аумақтық инспекциясының басшысы, Петропавл қаласы; 2006 жыл, қараша – 2008 жыл, наурыз – Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының әкімі, Солтүстік Қазақстан облысы; 2008 жыл, наурыз – 2010 жыл, сәуір – Мағжан Жұмабаев ауданының әкімі, Солтүстік Қазақстан облысы; 2010 жыл, сәуір – 2011 жыл, қыркүйек – Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің ауыл шаруашылығы жөніндегі орынбасары, Петропавл қаласы; 2011 жыл, қыркүйек – 2019 жыл, наурыз – ;Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары, Петропавл қаласы 2019 жылдың наурызынан бері Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі қызметін атқарып келді.