Шымкент қаласының әкімі өз қызметінде қалды
Шымкент қаласының әкімі өз қызметінде қалды
Фото: rgmedia.kz
741
оқылды
Мұрат Дүйсенбекұлы Әйтенов Шымкент қаласының әкімі лауазымына қайта тағайындалды. Мемлекет басшысының Жарлығы Ақорданың сайтында жарияланды. Мұрат Дүйсенбекұлы 1981 жылы дүниеге келген. Мұрат Әйтенов С.М. Штеменко атындағы Краснодар әскери институтын, Қазтұтынуодағы Қарағанды Экономикалық университетін және М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген. Мамандығы – инженер, заңгер. Еңбек жолында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі, Президент Іс басқармасының ресми іс-шаралар және сыртқы байланыстар бөлімінің меңгерушісі, аппарат басшысы, ҚР Президенті Іс басқарушысының орынбасары және Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары қызметтерін атқарған. 2020 жылдың 21 қаңтарынан бері Шымкент қаласының әкімі қызметін атқарып келе жатыр.