Астанада ер адамның ломбардтан тон ұрлаған сәтінің видеосы жарияланды
Астанада ер адамның ломбардтан тон ұрлаған сәтінің видеосы жарияланды
Фото: polisia.kz
Астанада ер адамның ломбардтан тон ұрлаған сәті видеоға түсіп қалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Рolisia.kz-тің дерегінше, күзен терісінен тігілген тонды ұрлады деп күдікпен 37 жастағы ер адам ұсталды. Тергеу барысында күдіктінің күндіз Сейфуллин көшесіндегі ломбардтан сырткиімді ұрлап кеткені анықталды.   https://youtu.be/S-YHrlI6_v0 Бутикке кіріп, ол ілулі тұрған тондарды қарап, ломбард қызметкерінің алданып тұрған сәтін пайдаланып, тонды ұрлап кеткен. Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Ұсталған ер адам кінәсін мойындады. Астана қаласы ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды.