Мектепте мұғалім болу үшін ақша берген тұрғын 800 мың теңгесінен айырылды
Мектепте мұғалім болу үшін ақша берген тұрғын 800 мың теңгесінен айырылды
Фото: kazpravda.kz
1,157
оқылды
Шымкент қаласының тұрғыны жұмыс іздеймін деп алаяқтың арбауына түскен, – деп жазады otyrar.kz. Биыл 21 қарашада Абай АПБ-ның «102» арнасына Шымкент қаласының тұрғыны арызданған. Ол өз арызында, бейтаныс азаматша «мектепке мұғалімдікке жұмысқа тұрғызып беремін» деп сеніміне кіріп, алдын ала 800 000 (сегіз жүз мың) теңге ақша алып, екі ай бойы алдап келгенін көрсеткен. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Полиция тергеу барысында Шымкент қаласының 43 жастағы тұрғынын ұстады. Жұмыссыз, бұрын-соңды сотталған. Тергеу жүргізіліп жатыр.