«Қазақстан аруы-2000» байқауына қатысқан актрисаның өлімі: тың мәлімет шықты

«Қазақстан аруы-2000» байқауына қатысқан актрисаның өлімі: тың мәлімет шықты
Фото: Экспресс газета

Актриса Наталия Семаго (Стешенко) Мәскеуде өз пәтерінде қайтыс болған.

«Экспресс газета» хабарлағандай, 28 қарашада сағат 15:00-де актрисаның 10 жасар ұлы көршілерден дәрігер шақыруды өтініп, көмек сұраған. Баланың айтуынша, орындықта отырған анасы қимыл-қозғалыссыз қалған. Дәрігерлер келгенде әйел қайтыс болған.

Наталия Семаго 2006 жылдан бері еңбек еткен «Луна» театрындағы әріптестері актрисаның өліміне қан ұйығы себеп болуы мүмкін екенін айтады.

«Денесінен зорлық белгілері табылған жоқ. Себебін білмейміз, аяқастынан болды. Қан ұйығы болуы мүмкін. Сот-медициналық сараптама қорытындысын күтеміз», – деді театрдағы қызметкерлер.

Наталья Стешенко Павлодар қаласында дүниеге келген, 2000 жылы «Қазақстан аруы» байқауына қатысқан. Ол Мәскеудегі «Луна» театрында жұмыс істеді, сонымен қатар «Алданған әйелдер лигасы» телехикаясында басты рөлді сомдады.

Еске салайық, 2000 жылы өткен «Қазақстан аруы» байқауында 14 өңірден 30 адам бақ сынаған. Сол байқауда алматылық Маргарита Кравцова «Қазақстан аруы» атанса, ақтөбелік Эльвира Жақыпова (І вице-ару), астаналық Евгения Крист (ІІ вице-ару) және алматылық Әсел Жұманбекова (ІІІ вице-ару) жүлделі орын алған.

Сол байқауда Павлодар қаласының атынан екі ару бақ сынаған – Наталья Стешенко және Фатима Жылгелдинова.

Байқау айқын
Байқау айқын
Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.