Құмар Ақсақалов Қостанай облысына әкім болды
Құмар Ақсақалов Қостанай облысына әкім болды
© egemen.kz
446
оқылды
Мемлекет басшысының Жарлығымен Құмар Іргебайұлы Ақсақалов Қостанай облысының әкімі лауазымына тағайындалды. Тиісті құжатқа бүгін Мемлекет басшысы қол қойды. Бүгін ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов жұмыс сапарымен Қостанай қаласына барып, Қостанай облысының барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының жиналысына қатысты. Әлихан Смайылов депутаттарға ҚР Президентінің облыс әкімі лауазымына Құмар Ақсақалов пен Аслан Жаныспаевтың кандидатураларын қарауға енгізу туралы хатын оқып берді. Ашық дауыс беру нәтижесі бойынша 244 депутаттың 192-сі Қ.Ақсақаловтың кандидатурасына, 52 депутат А.Жаныспаевқа дауыс берді. Құмар Iргебайұлы 1965 жылы туған. 1987 жылы В.П.Горячкин атындағы Мәскеу ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң инженерлерi институтын инженер-механик мамандығы бойынша тәмамдаған. Экономика ғылымдарының кандидаты. 1987-1989 жж. – Қостанай облысы Урицкий ауданы «Крыловский» кеңшарының бас инженерi болды. 1989-1991 жж. – Қазақстанның ЛКЖО-ның Қостанай облысы Урицкий аудандық комитетiнiң бiрiншi хатшысы. 1991-1992 жж. – Қостанай облысы Урицкий ауданы «Маяк» кеңшарының бас инженерi. 1992-1993 жж. – Қостанай облысы Қостанай ауданы «Новоселовка» мемлекеттiк шағын кәсiпорнының директоры. 1993-1996 жж. – Қостанай облысы Қостанай ауданы «Қостанай» ғылыми-өндiрiстiк бiрлестiгi директорының орынбасары. 1996-1998 жж. – Қостанай облысы Меңдiқара ауданының «Север» ұжымшарының төрағасы, «Север» ААҚ президентi. 1998-2002 жж. – Қостанай облысы Меңдiқара ауданының әкiмi. 2002-2004 жж. – Қостанай облысы Таран ауданының әкiмi. 2004-2006 жж. – Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң Мемлекеттiк бақылау және ұйымдастыру жұмысы бөлiмiнiң мемлекеттiк инспекторы. 2006-2010 жж. – Жамбыл облысы әкiмiнiң орынбасары. 2010-2015 жж. – «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы Орталық аппаратының басшысы, «Нұр Отан» партиясының хатшысы. 2015-2017 жж. – Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгi Басшысының орынбасары. 2017 жылғы 14 наурыздан бастап Солтүстік Қазақстан облысының әкімі болды.