Қазақстандықтардың проблемалық несиесі есептен шығарыла ма – вице-министр жауап берді
Қазақстандықтардың проблемалық несиесі есептен шығарыла ма – вице-министр жауап берді
© arasha.kz
338
оқылды
Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов әлеуметтік желілерде кеңінен талқыланған жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң қабылданған жағдайда қазақстандықтардың проблемалық несиелері есептен шығарыла ма деген сұраққа жауап берді, – деп хабарлайды Zakon.kz. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов «Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы» заң жобасында проблемалық қарыздар мәселелерін шешудің құқықтық тетіктерін құру, несие тарихын «ақтау» және санкциялар мен айыппұлдарды азайту мүмкіндіктері қарастырылғанын айтты.
«Несиелерді есептен шығару бұл заң жобасына қатысты емес және нормативтік құқықтық актінің нысанасына жатпайды. Бұл қандай да бір бөлек бастама болуы мүмкін, бірақ бүгін оны Қаржы министрлігі қарастырып жатқан жоқ», – деді ҚР Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов.
Оның айтуынша, қазір 1 миллионнан астам азаматтың 90 күннен астам мерзімі өткен несиелері бойынша ірі көлемдегі қарыздары бар. Мұндай несиелердің жалпы сомасы 1 триллион 450 миллиард теңгені құрайды. 96 пайызы 5 миллион теңгеге дейінгі несиелер, кепілсіз, әдетте, тұтынушылық несиелер.