Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлан Телманұлы Ұранхаев Абай облысының әкімі лауазымына тағайындалды, – деп хабарлайды Ақорда. Нұрлан Ұранхаев 1965 жылғы 4 мамырда дүниеге келген. В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институты, «инженер-механик» мамандығы, Қазақ қаржы-экономикалық институт, «экономист-менеджер» мамандығы, Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университет, «инженер-құрылысшы» мамандығы бойынша білім алған. Еңбек жолын 1987 жылы Семей қаласының «Казпромтехмонтаж» тресінде шебер, прораб болып бастаған. 1995-1997 жылдары – Семей қаласының «Сары-Арқа» АҚ сенім білдірілген басқарушысы. 2001-2003 жылдары – «Казиркутсклес» ЖТАҚ Бас директоры (Иркутск облысы). 2003-2005 жылдары – Шығыс Қазақстан облысының энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, құрылыс және көлік басқармасының бастығы. 2005-2006 жылдары – Шығыс Қазақстан облысы күрделі құрылыс басқармасының бастығы. 2006-2007 жылдары – Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары. 2007 ж.– Астана қаласы, ҚР ТЖМ Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті төрағасының орынбасары. 2008 жылы – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы, Астана қаласы. 2009-2010 жылдары – «Ертіс» ӘКК басқарма төрағасының орынбасары, Семей. 2010-2013 жылдары – Қызылорда облысы әкімінің орынбасары. 2013-2014 жылдары – Семей қаласы гуманитарлық инновациялық заң университеті президентінің кеңесшісі. 2014 ж. – ҚР тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі төрағасының орынбасары, Астана қаласы. 2015-2017 жылдары – Ұлттық экономика министрлігінің «ҚазҚСҒЗИ» АҚ Бас директоры, Астана. 2017-2018 жылдары – Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы. 2019 жылғы 13 мамырдан бастап – Нұр-Сұлтан қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы. 2022 жылдың маусымынан бастап Абай облысының әкімі болып тағайындалды және осы қызметке 2022 жылдың 1 желтоқсанында қайта тағайындалды.