Петропавлда су құбыры желісінде апат орын алды
Петропавлда су құбыры желісінде апат орын алды
397
оқылды
Петропавлда су жүйесінде тағы апат болып, қала тұрғындары сусыз қалды. Қаладағы М. Жұмабаев көшесінде су құбыры қайта жарылды. Апат орнында түсірілген видео әлеуметтік желіде лезде тарап кетті. Бұл туралы қала әкімі Руслан Анбаев Instagram-дағы парақшасында жазды.
"Құрметті қала тұрғындары. Жұмабаев көшесі бойынша су құбыры жарылды. "Қызылжар су" ЖШС апатты-қалпына келтіру бригадасы ақауды жою жұмыстарын бастады. Мен қазір оқиға орнындамын. Су құбыры краны жабылды, мамандар себебін анықтап жатыр. Қазіргі уақытта қаланың көп бөлігінде су желісіндегі қысым төмендеген", – деп хабарлады Петропавл қаласының әкімі Руслан Анбаев.
Әкімнің айтуынша, қала сусыз қалмайды. Алдағы бірнеше сағатта құбырдағы қысым біртіндеп көтеріледі. Ал апат болған аудан тұрғындары мен әлеуметтік нысандарға су жеткізілетін болады.