Алматыда дәрігерлер 3 жасар баланың асқазанынан батареяны операциясыз алды
Алматыда дәрігерлер 3 жасар баланың асқазанынан батареяны операциясыз алды
Алматылық дәрігерлер үш жасар баланың асқазанынан батареяны операциясыз алды. Баланың ата-анасы Алматыдағы Балаларға жедел медициналық көмек көрсету орталығына жүгінген. Сәбидің анасының айтуынша, бала қолындағы батареяны аузына салып, жұтып қойған. ФГДС зерттеуі бөгде заттың барын көрсетті - асқазанның төменгі жағында шынашақтай кішкене батарейка табылды.  Балалар жедел жәрдем бөлімінің дәрігерлері баланың денесінен қауіпті затты шығаруды дереу қолға алуға мәжбүр болды. Батареяны жұтқаннан кейін қабыну процесі бірнеше сағат ішінде басталады, бұл асқазанның немесе өңештің шырышты қабығының күйіп кетуіне, тіпті осы органдардың перфорациясына әкелуі әбден мүмкін.
"Бөтен денені шығару кезінде, ол қайта-қайта өңештің жоғарғы үштен бір бөлігінен, дәл жоғарғы физиологиялық тарылу аймағындаа сырғып кете берді. Содан біз батареяны жоғарғы үштен бір бөлікке жеткізіп, оның артына Фолей катетерін қоюды шештік. Бөтен дене Дормия кәрзеңкесінің (эндоскопиялық процедуралар кезінде қуыстағы тастар мен түрлі бөгде денелерді алып тастауға арналған құрал) көмегімен алынды. Содан кейін Фолей катетері үрленіп, эндоскоптық түтік және бөгде денені ұстап алған Дормия себетімен бірге асқазан мен өңештен сәтті шығарылды", - деді Алматы Балалар шұғыл медициналық көмек көрсету орталығының хирург-эндоскопист дәрігері Мұрат Дүйсебаев.