Қазақстанда бір айда азық-түлік 1,8% қымбаттады
Қазақстанда бір айда азық-түлік 1,8% қымбаттады
Қазақстанда бір айда азық-түлік 1,8%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 1,6%, ақылы қызметтер 0,8% қымбаттады. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлайды. Азық-түлік тауарларының арасында қияр – 41,5%, қызанақ – 26,1%, жұмыртқа – 6,7%, пияз – 5,9%, күріш – 3,5%, қаймақ – 3,4%, жаңа піскен жеміс – 3%, тұздалған майшабақ – 2,7%, айран – 2,5%, сүт – 2,4%, кондитерлік өнімдер – 1,6%, ірімшік және сүзбе 1,5% қымбаттады. Арзандады: сәбіз – 2,9%, құмшекер – 1,9%. Қарашада оның алдындағы аймен салыстырғанда азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасы 1,6% өсті. Дизель отыны – 13,9%, тас көмір – 2,6%, ағаш отыны 1,6% қымбаттады. Жуу және тазалау құралдары – 4,1%, жеке пайдаланылатын тауарлар – 2,8%, киім және аяқкиім, ыдыс, тоқыма бұйымдары – 1,6% қымбаттады. Ақылы қызметтер құны өткен айда 0,8% артты. Бағаның өсуі қоғамдық тамақтандыру қызметтеріне – 2,7%, монша қызметтеріне – 1,9%, шаштараз бен сұлулық салондары қызметтеріне – 1,8%, денсаулық сақтау, демалыс және спорттық іс-шаралар саласындағы қызметтерге – 1,7%, қонақүй қызметтеріне 1% құрады. Қараша айында айлық инфляция деңгейі қазанмен салыстырғанда 0,2 пайыздық тармаққа төмендеп, 1,4% құраған. Ал жылдық есептеуде19,6% құрады. Бір жылда азық-түлік тауарларының бағасы – 24,1%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 18,6%, ақылы қызметтер – 14,1% қымбаттады.