Қазақстан Республикасы Президенті лауазымына қайта сайлауына орай Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына құттықтау жеделхаттары келіп түсіп жатыр. БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш өз құттықтауында Мемлекет басшысына сәттілік тілеп, Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымы мен мультилатерализмнің айнымас әрі сенімді жақтаушысы екенін атап өтті.
«БҰҰ Қазақстанның қауіпсіздік, тұрақты даму, адам құқығы мен гендерлік теңдікті ілгерілету салаларындағы жаһандық сын-қатерлерге қарсы бірлескен іс-қимылдарға қолдау білдіріп, міндеттемелерін орындайтынына зор сенім білдіреді» деп жазылған жеделхатта.Біріккен Ұлттар Ұйымының 8-ші Бас хатшысы, Жаһандық жасыл өсу институтының ассамблея Төрағасы Пан Ги Мун да Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстан Президенті болып қайта сайлануына орай жүрекжарды тілегін жолдады.
«Қазақстанның өңірлік маңызы мен Сіздің көшбасшылық қасиетіңіз Жаһандық жасыл өсу институтының аймақтың тұрақты дамуына елеулі үлес қосуына мүмкіндік береді. «Жасыл» өсім перспективаларын ілгерілетіп, әлемдік қоғамдастыққа климаттағы өзгерістер саласында көшбасшылық үлгісін көрсету және келешек ұрпаққа ғаламшарымызды таза қалпында қалдыру үшін Сізбен бірге жұмыс істеуге ниеттіміз», – деп жазған Пан Ги Мун.Cондай-ақ Президентті бірқатар халықаралық ұйым жетекшілері мен әлем елдерінің басшылары, Үкімет жетекшілері, мүшелері де құттықтады.