AMANAT AQYLMAN – Кентауда

AMANAT AQYLMAN – Кентауда

Білімді азаматтар мен озық ойлы жастардың басын бір алаңға біріктіретін AMANAT AQYLMAN интел­лектуалды ойыны Кентау қаласында жалғасын тапты. Бұл жоба «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиа­лының бастамасымен жүзеге асырылуда. Партияның қалалық филиалы мен «Жастар Рухы» жастар қанаты қалалық филиалының ұйымдас­тыруымен өткен сайысқа қала және оған қарасты ауылдардан 8 команда қатысты. Интеллек­туалды ойынға партияның Кентау қалалық филиалының атқарушы хатшысы Арман Басаров, қала әкімінің кеңесшісі Ғалымжан Тойшиев, қалалық жастар ре­сурс­тық орталығының директоры, қалалық мәслихат депутаты Қанат Бекметов, зейнеткер-ұстаз Бибі Дәрібаева, қалалық тілдерді да­мыту орталығының директоры Ақмарал Утебаева қазылық етті.

– Жастардың тың идеяларын жүзеге асыру үшін «AMANAT» партиясы әрдайым қолдау білдіріп келеді. Аталған жоба ойлау жүйе­сін ширатып қана қоймай азамат­тардың ұйымшылдық және ұжым­дастық қасиеттерін арт­тыруға, бос уақытын тиімді пай­да­лануға бағытталып отыр. Сон­дай-ақ ойынның тағы бір ұтым­дылығы сан сала мамандарының басын қосу арқылы ауданымыз­дағы білікті, жан-жақты тұлғалар­ды анықтауға септігі мол. Бүгінгі ойын­нан жеңімпаз атанған ко­ман­да жыл соңында облыстық дең­гейде өтетін ойында қала беде­лін қорғайтын болады, – деді Арман Амангелдіұлы.
Интеллектуалды ойын 4 ке­зең­нен тұрып, қатысушыларға қала тарихы, өнер саласы, пар­тиялық жобалар мен логикалық сұрақтар қойылды. Тартысқа толы сайыс қорытындысы бойынша белсене қатысқаны үшін «Спорт», «Сұңқар», Kreativter, «Хан тәңірі», «Байылдыр» командалары мара­пат­талды. Топ жарғандардың қатарында 3-орынды «Денсаулық» қалалық емхана қызметкерлерінен құрал­ған жастар командасы иеленсе, 2-орын «Болашағымыз бірлікте» атты қала әкімі аппаратының жас­тары қатысқан топқа бұйыр­ды. Тартысқа толы өткен ойында 1-орынды қалалық мәслихат ап­па­раты мен мәслихат депутат­та­ры­нан құралған «Ғарыш» коман­дасы жеңіп, Түркістан облыстық филиалының ұйымдастыруымен өтетін ақтық сайысқа жолдама алды. Жүлдегерлер партия филиа­лының дипломдарымен марапат­талып, арнайы сыйлықтар та­быс­талды.