Qazaqstan жеңіл атлетикалық спорт кешенінде «Ауыл алаңынан – Олимпиада тұғырына» атты ауыл нұсқаушыларының республикалық І конференциясы өтті. Жиынды Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырды. Жиынның негізгі мақсаты – ауыл спортының өзекті мәселелерін талқылап, жер-жердегі озық тәжірибелерді көпшілік назарына ұсыну. Әлемдік ареналарда Отанымыздың намыс туын көтерген саңлақтардың басым бөлігі ауылдардан екенін ескерсек, бұл сала әрдайым мемлекет назарында болуы тиіс. Конференция аясында өңірлердің ауыл спортына арналған көрмелерімен қатар, ауылдардан шыққан білікті бапкерлер мен чемпиондар туралы фотокөрме және видеоматериал жұртшылық назарына ұсынылды. Конференцияда әр облыстың үздік ауыл нұсқаушыларына жүлде тапсырылды.
А.АЙДАРҚЫЗЫ