Бірлестік жұмысы жүйеленді
Бірлестік жұмысы жүйеленді
© коллаж: Елдар Қаба
294
оқылды
Осыдан екі жыл бұрын бұрынғы тұрғын үйлерді басқару нысандарының орнына жаңа екі қызмет түрі енгізілді. Сөйтіп, осыған дейін болған пәтер иелері кооперативі және жауап­кершілігі шектеулі серіктестіктер, жеке кәсіпкерліктің барлығы біртіндеп мүлік иелері бірлестіктеріне ауыса бастады. Қазір елор­дадағы мүлік иелері бірлестіктері институтын қалып­тастыру қарқыны жалғасын тауып келеді. Айталық, сала ма­мандары мен қаладағы көпқабатты үйлердің МИБ төрағалары тарапынан бірлестік құру мен тіркеу үшін құжаттарды дайын­дауға, сондай-ақ көппәтерлі тұрғын үйді басқару және күтіп ұстау бойынша қызметтерді жүзеге асырудың жолдары бо­йынша да көмек көрсетіліп, түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Бұл реформаға дейін тұрғындар тарапынан мемлекеттік органдарға көптеген шағым келіп түсетін. Со­ның ішінде халық пәтер иелері коо­пе­ративі және басқарушы ұйым­­дардан төлеп жатқан ақша­ла­рының қайда жұмсалып жатқаны жө­ніндегі есептің дұрыс беріл­мей­тінін айтып сынағандар көп болды. Сол үшін тұрғын үй саласында осын­дай реформа қабылданған еді. Ол бойынша бір тұрғын үйдің қажеті бойынша жұмыс істейтін басқарушы ұйымды тұрғындар өздері тағайындап, өз кезегінде жи­налған қаражаттың қандай мақ­сатқа жұмсалып жатқанына ай сайын есеп беріп отыруға міндет­тейтін мүмкіндік алды. Бастапқы кездері бас қаланың оң жағалауын­дағы тұрғындар тұрғын үй ке­шен­дерін күтіп ұстауға құлықсыздық танытқаны да рас. Ал қазір халық арасындағы түсіндіру жұмысы нә­тиже беріп, мүлік иелері бірлес­тік­терін басқаруға ықылас таныт­қан­дар көбейді. Елордадағы МИБ орталығының басшысы Гүлвира Әбетованың сөзінше, мүлік иелері бірлестігіне өту жұмысы қарқынды жүріп жа­тыр. Мәселен, МИБ төрағалары 2020-2022 жылдар аралығында өз қалауы бойынша үйлерді басқару бойынша қалалық шеберлік сағат­тарынан оқудан өткен. Және түсін­діру сабақтары ТКШ реформасын іске асыру шеңберінде тегін өткізіледі. Сонымен бірге бүгінде МИБ төрағалары тұрғын үй ғи­мараттарын басқарушы нысан­дардың әлеуетті менеджерлері ре­тінде міндет алған. Осы мәртебені алу үшін тілек білдірушілер ерікті түрде тестілеуден өтіп, елорда бойынша басқарушылар тізіліміне кіре алады. Ал МИБ өздерінің қауым­дастықтарын құрып, ТКШ АС деп аталатын кәсіби қауымдастығын құруды жалғастырып жатыр.
– МИБ реформаның 90 па­йыздан астамы қамтылған. Сай­ланған төрағалар тұрғын үйлерді кәсіби басқару саласында өз­дерінің қабілет-қарымы мен мүм­кіндігін көрсете алады. МИБ құ­ру­дан бастап тұрғындармен тіл та­бысып, үйлесімді жұмыс ат­қа­руда көптеген артықшылық бар. Көппәтерлі үйлердің тұрғындары болса құжат­тарға, қаржылық есеп­тілікке қол жеткізе алады. Инже­нер­­лік жүйе­лердің жұмысы және үйін қалпына келтіруге кететін шы­­­­ғындар туралы түсінігі артады, – дейді орталық бас­шысы. Соны­мен бірге ол ре­форма барысында көп­теген өті­ніштің келіп түсетінін жеткізді. – Сондай-ақ МИБ мәселелері жөніндегі орталыққа тұрғындар келіп, НҚА парағының сәйкестігін тексеру мақсатында жазбаша сауал­намалар парақтарын әкеліп жатады. Сол кезде байқағанымыз, ПИК нысандарындағы көптеген па­рақ нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес келмеді. Оларда үй кеңесінің қол қоюы үшін баған жоқ. Ал 2020 жылдан бастап үй кеңесі атынан басқару органының болуы міндетті талап ретінде көр­сетілген. Осы мәселе бойынша «Ас­тана қаласының тұрғын үй және тұр­ғын үй инспекциясы бас­қар­масы» ММ қосымша түсіндіру үшін тікелей эфирде кеңейтілген кеңес өткізу күн тәртібіне қойылды. Жал­пы алғанда, Астана МИБ орта­лығына биылдың өзінде 7 000-нан астам түрлі өтініш түсті. Негізінен, онлайн дауыс беру, қызмет көр­сетушілерді ауыстыру, бухгалтерия және диспетчерлеу, МИБ төра­ғасын ауыстыру бойынша өтініш айтатындар көп, – дейді Гүлвира Әбетова. Мәселен, күн сайын ша­мамен 7-10 жаңа баста­машыл топ МИБ құру мәселесі бойынша WhatsApp арқылы сауал жіберсе, қалғандары кезең-кезеңі­мен сүйемелдеу үшін бетпе-бет кеңес алуға келеді. Өйткені қала тұр­­ғындары жазбаша жиналыс хат­тамаларын толтыру, жазбаша сауал­нама парағын қалай дұрыс жа­сау, жиналыс мақұлдау үшін қалай тұжырымдау туралы сұрақтарға жиі тап болады екен. МИБ орталығының басшысы Гүлвира Әбетованың айтуынша, 2020-2022 жылдар аралығында МИБ төрағалары тұрақты оқытудан өтіп, шеберлік сыныптарында бі­лім деңгейін арттыруда. Бір жыл ішінде жаңа төрағалар үйде ин­же­нерлік жүйелерді, шатыр мен қас­бетті қалпына келтіру, жоғалған үй құжаттарын қалпына келтіру бо­йынша үлкен жұмыс жүргізуде. Со­ны­мен қатар қазір елорда МИБ ор­талығы пилоттық үйлермен бір­лесіп үйді паспорттауды жүргізу жұ­мысын қолға алған. Себебі төл­құжаттардағы деректер үш мәнге ие. Осылай деген орталық басшысы «Мемлекеттік органдар тарапынан әртүрлі жүйеде бар толтыруға мін­детті деректер, үйді енгізу ак­ті­лерінің деректері. Сондай-ақ тү­ген­деу тізімі деп аталатын айны­малы мәндері бар деректердің маңызы зор. Бүгінде көшу 90 пайыз­дан астам жүзеге асырылды, енді басты міндет – бұрын құрылған нысандар (ПИК деп аталатын) тұлғасында ТКШ реформасын дамыту бойынша кедергіні жою. Екі заңды тұлға басқару құқығын та­лап еткенде, бұл халық ара­сын­дағы даулар мен қақтығыстарға жағдай жасайды. Мұндай сәттерді ертерек алып тастау өте маңызды. Өйткені ең бастысы әлеуметтік тұ­рақтылықты сақтау және жауапты адамдарға жұмыс істеуге жағдай жасау қажет», – деп отыр.