Ұлт ұясы – Ұлытаудың екінші тынысы
Ұлт ұясы – Ұлытаудың екінші тынысы
811
оқылды
Әрбір өлкенің даму тарихы, қалыптасу жолы, болашаққа бағдары бо­ла­ды. Ұлытау облысын құрудағы Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев­тың әділ шешімі осы өңірге жан бітіруге дер кезінде жасалған маңыз­ды қадамы болды. 1997 жылдан бері қарай Жезқазған облысы мәртебесінен айы­рылғалы қай са­ла­ны алып қарасақ та, мәселелердің қордалана түскенін аң­ғару қиын емес. Осы түйт­кілдердің түйінін тарқату мақсатында Ұлытау об­лысының әлеу­меттік-эконо­ми­калық дамуының 2022-2026 жылдарға ар­налған кешенді жос­пары бекітілді. Кешенді жоспар келесі істерге бастайды Ұлытау облысының әлеуметтік-эко­но­микалық дамуының көпжылдық кешенді жос­пары – жаңа белестерге бастайтын нақ­ты қадамдардың жиынтығы. Оны об­лыс әкімдігі жұмысының соңғы төрт айы­ның басты нәтижесі деп қарастыруға бо­ла­ды. Бұл құжат 9 бағыт бойынша өңірдегі бар­лық негізгі салалары бойынша нақты ша­раларды қамтиды. Осы құжатқа қо­сым­ша облыс әкімдігі мемлекеттік бағдар­ла­ма­лары мен ұлттық жобаларына енгізілген бар­лық іс-шараларды көздейтін кеңей­тіл­ген даму бағдарламасын әзірледі. Алдағы 5 жылда өңірге 1,8 триллион тең­­ге инвестиция тартылады. Қарастыры­ла­тын қаржының негізгі бөлігі жеке ин­вес­тицияларға тиесілі. Мұндай қаржылай қол­дау облыстың өзекті мәселелерін ше­шуге ықпал етеді. Негізінен Ұлытау облысының әлеу­мет­тік-экономикалық дамуы кен орын­да­ры­ның қорына, қала құраушы кәсіпорындарға тәуелді. Сондықтан да өңірде жаңа өнеркә­сіп­тік кәсіпорындарды құру қажеттілігі бар. Осы бағыт бойынша жаңа өндіріс құру жә­не кен өндіруді жылына 12 млн тоннаға дейін ұлғайтып, жұмыс істеп тұрған өн­діріс­терді пайдалы қазбалар кен орын­дары­мен қамтамасыз ету жобалары іске асы­рылады. Қазір облыстағы 6 кен орнын­да «Қазақмыс» корпорациясы тарапынан геологиялық барлау жұмыстары жүргізіліп жа­тыр. Сонымен қатар облыста өнер­кә­сіп­тік реагент шығару жөніндегі химия зауы­ты, мұнай өңдеу зауыты, қара мыс кон­центраттарын өндіру зауыты, Жез­қаз­ған мыс балқыту зауытының жаңа күкірт қыш­қылы цехы сияқты кәсіпорындарды іске қосу жоспарда бар. Нәтижесінде өңір­де 3 мың жаңа жұмыс орны құрылып, жал­пы сомасы 787 миллиард теңге болатын 16 жоба іске асырылмақ. Облыстың туристік әлеуетін ескере оты­рып, бұл саланы дамытуға 1,5 млрд тең­ге бағыттау жоспарлануда. Оған қоса, об­лыс аумағындағы 227 шақырымдық об­лыстық автожолды және 118 км қалаішілік жә­не кентішілік жолдарын салу, реконс­тру­­­кциялау және жөндеу де облыстың ту­ристік әлеуетін нығайта түспек. Бұл жұ­мыс­тарға қаралатын қаржының жалпы кө­ле­мі 264 миллиард теңгені құрайды. Бүгінде Ұлытау облысында Жезқазған–Қа­рағанды, Жезқазған–Астана және Жез­қазған–Алматы бағыттары бойынша әуе­тасымалы ұйымдастырылған. Халық сұра­нысына сай алдағы уақытта Жез­қаз­ған–Шымкент, Жезқазған–Өскемен және Жез­қазған–Балқаш бағыттары әуета­сы­ма­лы жүзеге асырыла бастайды. Сондай-ақ Жезқазған қаласындағы теміржол бекеті мен әуежай ғимаратын халықаралық стан­дарттарға сай ету бағытында ауқымды жұ­­­мыстар жүргізіледі. Ұлытау облысының тұрғын үй ком­му­нал­дық шаруашылық саласында ауқымды жаң­ғырту жұмыстарын жүргізу де басты на­зарда. Жаңаарқа және Ұлытау аудан­дары­ның электр желілері «Жезқазған тара­тушы электр торабы компаниясы» ак­цио­нер­лік қоғамының теңгеріміне беру бойын­ша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Облыстағы Жезқазған, Сәтбаев қала­ларында апатты үйлер көп. Осы мәселені шешу үшін 2023-2026 жылдар аралығында 37 апатты үйді бұзу, 39 жаңа үй салу жос­пар­ланған. Одан бөлек Жезқазған қала­сын­да 1800-ге жуық пәтерлі 60 тұрғын үй­ден тұратын үш жаңа шағын аудан салы­нады. Жезқазғандағы жоспарланған үлкен құры­лыстарды ескерсек, қаладағы жылу энер­гия орталығының шаһарды жылытуға ша­масы жетпейтіні аңғарылады. Осыған байланысты қалада жаңа жылу электр ор­талығы салынбақ. Өңірдегі 130 шақырым­дық жылу желісі салынып, жаңғыртылады, 300 шақырымдық сумен жабдықтау және 127 шақырымдық су бұру желісі тартылады. Нәтижесінде облыс орталығы мен Жаңаар­қа, Ұлытау аудандарындағы 12 ауылдық елді мекенінің тұрғындарын сапалы ауыз­су­мен қамтамасыз етпек. 2023-2025 жылдар ара­лығында Қаражал қаласы Жәйрем кен­тін және Жаңаарқа аудандары газдан­ды­рылады. Жезқазған, Сәтбаев қала­ларын­дағы кәріз желілерін жаңғырту жұ­мыс­тары 2021 жылы басталды. Бұл жұ­мыс­тар 2025 жылы аяқталады. Жәйрем кентінің кәріз желілерін қайта жаңарту жұмыстары басталды. Әлеуметтік сала басты назарда Облыстағы азық-түлік қауіпсіздігін қам­тамасыз ету үшін, әрі бағаны тұрақ­тан­дыру мақсатында біршама жұмыстар қолға алы­нады. Қазақстан Республикасы Үкі­меті­нің 2017 жылғы 27 наурыздағы №137 «Әлеу­меттік маңызы бар азық-түлік тауар­ларының тізбесін бекіту туралы» қаулы­сына сәйкес әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 19 түрі анықталған. Оның ішінде жеткілікті көлемде Ұлытау об­лысында тек нан, бірінші сұрыптағы ұн жә­не ет өнімдері ғана өндіріледі. Қалған азық-түлік өнімдері көрші облыстардан жет­кізіледі. Сонымен қатар өндірушілердің кө­терме-сату бағасының өсуі және облыста тұрақ­тандыру қорының болмауы азық-түлік бағасының өсуіне себеп болды. Жоспарға сай агроөнеркәсіптік кешен са­ласында ет өңдеу және сүт өңдеу зауыт­та­­рын салу, құс еті мен жұмыртқа өндіру ке­­шенін іске қосу, ұн тарту кешенін жаң­ғыр­ту және басқалар сияқты 11 инвес­ти­ция­лық жоба іске асырылатын болады. 2025 жылға қарай майлы дақылдардың егіс ал­қаптары 5 000 гектарға дейін ұлғай­ты­ла­ды. Әлеуметтік салада 47 жаңа нысан салы­на­ды. Олардың ішінде Жезқазған қала­сын­дағы перинаталдық орталық, Жаңаарқа жә­не Ұлытау аудандарындағы 14 фельд­шер­лік-акушерлік пункт, 9 мектеп, 4 оқу­шы­лар сарайы, 5 балабақша, 10 спорт ны­саны және басқалары бар. Сондай-ақ, 27 білім беру және денсаулық сақтау ны­саны жөнделеді. Барлық іс-шаралардың жал­пы сомасы 94 млрд теңгеден асады. Тар­қатып айтар болсақ, білім беру сала­сын­да Кеңгір селосында 140 орындық б­ала­бақша құрылысы жүргізіледі. Жез­қазған мен Сәтбаев қалаларындағы аяқтал­май қалған 320 орындық балабақшалардың құрылысы жуық арада аяқталады. Ұлытау селосында 2023 жылы 100 орындық бала­бақ­ша салынады, одан бөлек жеке инвес­тиция арқылы Жезқазған және Сәтбаев қалаларында 280 орындық екі балабақша салынады. Жезқазған қаласында, Жәйрем кен­тін­де, Жаңаарқа кентінде 2023-2026 жылдар ара­лығында Оқушылар сарайлары салына­ды. Сәтбаев қаласында аяқталмай тұрған Оқу­шылар сарайының құрылысы аяқта­лып, 2023 жылы ғимарат қолданысқа бері­леді. Оқушылардың жазғы айлардағы де­ма­лысының мәселесі 2023 жылы шешілетін бол­ды, яғни келер жылы Жезқазғандағы қа­ла сыртында балалар лагері ашылады. 2024 жылы Ұлытау селосында этно-турис­тік лагерь ашылады. Орта арнаулы оқу орындарына да көңіл бө­лініп, Жезқазған музыкалық колледжінің ғи­мараты 2023-2024 жылдары қайта жаң­ғыртылады. Жезқазған технология және сер­вис колледжінің ғимараты, тау-кен ме­тал­лургиялық колледжінің жатақханасы күр­делі жөндеуден өтеді. Аталған кол­ледж­дер ғимаратының тозуы көпшілікті ма­за­лағаны анық. Ұлытау облысында жаңа мектептер құрылысы жүргізіледі. 2023-2025 жылдар ара­лығында 10 жаңа мектеп салынады. Жалпы, 2023-2026 жылдар аралығында 22 мектеп күрделі жөндеуден өтсе, 87 мектепте 175 физика, химия, биология, STEM кабинеті ашылады. «Қазақстан халқына» қо­ры арқылы 7 робототехника кабинетін ашу жоспарланған. Бұл қолдау облыстың бі­лім сапасын жақсарта түсері анық. 21 мек­тептің кітапханалары жөндеуден өтіп, кі­тап қорымен толықтырылады. Оқушы­лар­дың тамақтану орындары да назардан тыс қалмайды. 31 мектептің асханасы жөн­деліп, тиісті жарақтармен қамтамасыз еті­­­леді. Одан бөлек мектептердің спорт зал­дары мен акт залдары жөнделеді. «№3 Бі­лім – инновация» лицей интернаты, Қара­жал, Сәтбаев қалаларындағы екі бала­бақ­ша күрделі жөндеуден өткізіледі. Облыс мектептеріне лизинг арқылы 10 ав­тобус алынады, 10 мектептің аумағы абат­тандырылады. Педагог тапшылығын жою әрі педаго­гика саласы мамандарына қолдау көрсету мақсатында 2023-2024 жылдары Жезқазған қа­ласында қызметтік пәтерлер салынады. Аталған шаралар білім саласының әлеуетін арттырып, өңірімізден талантты, білімді жастардың шығуына оң әсерін тигізеді. Ел болашағы – жастар Облыста жастардың тұрақтап қалуын қамтамасыз ету мақсатында бірнеше жоба қарастырылған. Оның ең ірісі – мемлекет­тік халықаралық техникалық универси­тет­тің ашылуы. Студенттерге арналған кампус са­лынып, жобамен жылына 1 000 грантқа дейін бөлу жоспарлануда. Жастар бағытындағы тағы бір жарқын жо­ба – «Жетістікке жол» атты жас кәсіп­кер­лерді қолдау. Биыл бұл жоба басталып кет­ті. 100 млн теңгеге жарияланған бай­қау­ға ең үздік жобаларды іске асыруға тілек біл­дірген жастардан 350-ге жуық өтінім түс­ті. Аталған жоба жыл сайын өткізілетін бо­лады. Жылына 40-тан астам жобаға қа­нат бітірсек, 5 жылда 200-ге жуық жас кә­сіпкер қолдауға ие болады, өз кезегінде бұл кем дегенде 300-ге жуық жаңа жұмыс ор­нын қамтамасыз етеді. Жас мамандар арасында жүргізілген сауа­лнамада жастардың 80 пайызға жуығы бас­пана мәселесін өзекті етіп көрсетіпті. Өңірі­міздегі бюджеттік саладағы жас ма­ман­дарға, баспасөз саласының маман­да­ры­на қолдау көрсету мақсатында «Отбасы банк» арқылы 5 пайыздық жеңілдетілген несиелендірумен пәтер әперу жобасы іске аса­ды. Ол үшін облыстық бюджеттен жыл сайын 500 млн теңге қаражат бөлінеді. Ол 2023-2026 жылдары іске асып, жобамен 160-қа жуық жас маманды пәтермен қам­тамасыз етеді. Мәдениет саласы жаңалыққа толы Ұлытау облысының әлеуметтік-эко­но­ми­калық дамуының кешенді жоспарына 7 мә­дениет нысаны енгізілген. Кешенді бағдарламада көзделген іс-ша­ралар өңірдің мәдениеті мен өнерін да­мытуға бағытталған. Жеке инвес­ти­ция­лар есебінен 2024-2025 жылдары Жезқазған қа­ла­сында 450 орындық концерт залы бар театр салу жоспарлануда. Кешенді даму жос­пары өңірде 40 жылдан астам уақыт бол­маған концерт залының құрылысына ықпал ететін болады. Жаңа шығармашылық ұжымдар ашылады. Халық аспаптарының фо­льклорлық оркестрі, филармония негі­зін­де кәсіби хореографиялық ансамбль құ­ры­лады. 30 жыл күрделі жөндеу көрмеген «Ха­лық­тар достығы» мәдениет үйі күрделі жөн­деуден өтеді. Қайта жаңғырту аясында сах­налық киімдер тігіліп, жаңа жиһаздар са­тып алынады. Сахна мен көрермендер за­лы жаңартылады. Жезқазған қаласында ашылғаннан бері күр­делі жөндеу көрмеген балалар мен жа­сөс­пірімдер кітапханасы қайта жаңғыр­ты­лады. Жас ерекшеліктеріне сәйкес келетін кі­тапханалық жиһаздармен толықтыры­лады. С.Қожамқұлов атындағы Музыкалық-дра­ма театры қайта құрылымдаудан өтеді. Сах­на кеңістігі жарықтандыру құрылғы­ларын орналастыруға арналған арнайы за­манауи құрылғылармен, арнайы эффек­тілер мен акустикаға арналған аппаратура­мен жабдықталатын болады. Сахна ас­тын­да оркестр үшін шұңқыры бар қосымша орын жасалады. Осы іс-шараларды іске асыру үшін 2024-2026 жылдарға арналған рес­пуб­ли­ка­лық бюджеттен қаражат көзделген. Сәтбаев қаласындағы Мәдениет са­райы да қайта құрылымдаудан өтеді. Қайта құру­дан кейін сахна толық механи­ка­лан­ды­рылып, жарық, дыбыс және визуалды эф­фектілерді толық пайдалануға мүмкіндік беріледі. Сахна кеңістігі жарықтандыру құрыл­ғыларын орналастыруға арналған ар­найы заманауи құрылғылармен, арнайы эффектілер мен акустикаға арналған ап­паратурамен жабдықталатын болады. Жезқазған қаласындағы Металлургтер алаңы және Сәтбаев қаласындағы Кен­ші­лер алаңы, Шахтер даңқы алаңы қайта жаңар­тудан өтеді. Қайта құрудан кейін алаң жаңа келбетке ие болып, облыс тұр­ғындарының сүйікті демалыс орындарына айналмақ. Спорт – денсаулық кепілі Ұлытау облысында өзекті мәселесі көп са­ланың бірі – спорт саласы. Облыста 72 832 адам дене шынықтырумен және спорт­пен жүйелі түрде айналысады, бұл облыс хал­қының 33,1 пайызын құрайды. Бұл ба­­­­ғытта да өңірдің даму бағдарламасына сай маңызды жобалар іске асырылады. «Ең­бек» футбол клубы жандандырылып, Сәт­баев қаласында «Арыстан» балалар хок­кей мектебі құрылады. «Ұлытау облысының әлеуметтік-эко­но­микалық дамуының кешенді жоспары» шең­берінде 9 спорт нысанын салу жос­парлануда, оның ішінде 3 объектінің құры­лысы жеке инвестицияларды тарта отырып жүргізілмек. Жезқазған қаласында 320 адамға ар­нал­ған көпфункционалды спорт кешені, ал Жезді кентінде 160 орындық бірегей де­­­­нешынықтыру сауықтыру кешені (ФОК) са­лынбақ. Мұнда баскетбол, волейбол, ша­ғын футбол, үстел теннисі, садақ ату, гим­настика, жекпе-жек және бассейн бойын­ша ойын залдары қарастырылмақ. Об­лыс орталығындағы кешеннің тәуліктік сыйым­дылығы 1500 адамды құраса, Жез­діде 750 адамдық болмақ. Балаларға ар­нал­ған сабақтар тегін өтеді. Жезқазған қаласында, сондай-ақ, «На­мыс» балалар-жасөспірімдер спорт ака­де­мия­сының құрылысын салу жоспарланып отыр. Бұл спорттың жоғары жетістіктерін арт­тырып, бұқаралық спорт түрлерін да­мы­туға жағдай туғызады. Ал құрылысы жос­парланып отырған жабық хоккей кор­ты жезқазғандықтарға хоккей және мә­нер­леп сырғанау спортымен шұғылдануға, сон­­дай-ақ сүйікті командалардың матч­та­ры­­на келіп, бос уақыттарын тиімді өткізуге мүм­кіндік береді. Облыс орталығында ес­­кек есу спорт түрлеріне арналған спорт ке­шенінің құрылысы байдарка мен ка­ноэ­де есу бойынша олимпиадалық резервтің ма­мандандырылған балалар-жасөс­пірім­дер мектебін жаңа деңгейге көтермек. Бұқаралық спорт түрлерін сауықтыру жә­не дамыту үшін Кеңгір ауылында 160 адам­ға арналған спорт кешенінің құры­лы­сы басталады. Қаражал қаласы мен Ұлытау селосында жабық бассейн салынбақ. Облыста алғаш рет спорттағы дарынды ба­лаларға арналған мектеп-интернат ашы­лады. Аталған мектеп-интернат спор­т­шы­лар­ды республикалық құрама командаға ену үшін дайындайтын болады. Ұлытау өңі­рі еліміздің туын биікке желбірететін чем­пиондардың ордасы болатынына се­нім­дімін. Денсаулық – зор байлық Облыс тұрғындарының денсаулығын жақ­сарту мақсатында ауқымды жобалар іске асырылмақ. Медицина саласының жақ­­сартылуын талап еткен тұрғындары­мы­з­дың тілектері назарға алынып, көп­те­ген шара жоспарланып отыр. Алдағы жылдары Қазақстанда 8 пери­на­­­­талдық орталық салынады, солардың бірі Жезқазған қаласында бой көтермек. Ор­талықта сәулелік және функционалдық диа­гностика бөлімшесінің жұмыс істеуі кө­з­делгенін атап өту қажет. Ол толық қа­жет­ті диагностикалық жабдықтармен, яғни КТ, МРТ, рентген, УДЗ кабинетімен, эн­дос­ко­пиямен жарақтандырылатын болады. Осы­­ның арқасында әйелдер ешқайда са­был­­май, тікелей орталықта қажетті тек­серу­лер­ден өте алады. Сонымен қатар сон­да бо­сана да алады. Осылайша, аналарға ме­ди­циналық қызмет көрсету сапасы барын­ша жақсарады. Облыстық жедел медициналық жәрдем стан­сасы үшін 12 бірлік реанимобиль са­тып алу жоспарлануда. Бұл қалалық және ауыл­дық тұрғындарға көрсетілетін шұғыл және жедел медициналық көмектің са­­па­сын І, ІІ, ІІІ санаттарға арттыруға мүм­кін­дік береді. Сондай-ақ пациенттерді ауру­ха­наға жатқызғанға дейін мамандан­ды­рылған медициналық көмектің қолже­тім­ділігі қамтамасыз етіледі. Бұл пациенттер үшін қажетті реанимациялық көмек та­сы­малдау кезінде де көрсетіледі дегенді біл­ді­реді. Ұлытау ауданы Ұлытау селосында бір ауы­сымда 50 адам қабылдайтын емханасы бар 25 төсектік жаңа орталық аудандық ау­­рухана салу жоспарлануда. Бұл меди­ци­налық мекеме заманауи медициналық тех­нологияларды, сондай-ақ 3-Н жүйесі бойын­ша қабылдау бөлмесіне қойылатын жо­ғары талаптарды қолдана отырып са­лынатын болады. Мұндай медициналық объек­тіні енгізу стационарлық, амбу­ла­то­рия­лық-емханалық көмектің мүмкін­дік­те­рін едәуір кеңейтеді. Облыс бойынша бірнеше денсаулық сақ­тау нысандары бар, олардың тозуы 100 пайыз­ды құрайды. Қаражал қаласының ор­талық ауруханасы инфекциялық бөлім­ше­сінің ғимараты күрделі жөндеуді қажет ете­ді. Соңғы он жыл ішінде инфекциялық нау­қастар Қаражалдан Қарағанды, Жез­қаз­ған қалаларындағы, Жаңаарқа ауда­нын­дағы инфекциялық стационарларға емдеуге жатқызылып жүр. Күрделі жөндеу аяқ­талғаннан кейін жаңартылған ста­цио­нар заманауи диагностикалық жаб­дық­тармен жабдықталатын болады және медициналық кадрларды тарту көзделеді. Нәтижесінде Қаражал қаласында жұқпалы ауру­ларды анықтау, диагностикалау, емдеу және алдын алу жұмыстары жақсармақ. Ең бас­тысы, қала тұрғындары жоғарыда атал­ған медициналық қызметтерді тұрғылықты жері бойынша ала алады. Жаңаарқа аудандық емханасының ғи­маратын күрделі жөндеуден өткізгеннен кейін осы емханада жаңа консультациялық-диаг­ностикалық көмек қызметтері жұмыс іс­тей бастайды. Қызметтерді травматолог­тар, хирургтар, акушер-гинекологтар, кар­диологтар, невропатологтар, окулистер жә­не басқа да тиісті мамандар көрсетеді. Жезқазған қаласында мүгедек бала­лар­ға арналған оңалту орталығы ашылмақ. Ор­талықта әртүрлі жастағы пациенттер үшін әртүрлі бағыттағы бірнеше бөлім­ше­лер жұмыс істейтін болады. Сәтбаев қаласында 2021-2023 жылдарға ар­налған Сәтбаев қаласы халқының ден­сау­лығын сақтау және нығайту жөніндегі бірлескен бағдарламаның мақсаттары мен міндеттерін іске асыру үшін «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС жеке инвесторының қолдауымен емхана салынады. Жаңа ем­хана медициналық қызметтердің кең ауқы­мына қол жеткізуге мүмкіндік береді. 2023-2025 жылдары Ұлытау облысында ау­руларды диагностикалау және емдеу са­пасын арттыру үшін республикалық және жер­гілікті бюджеттер есебінен жалпы со­масы 2,9 млрд теңгеге 170 бірліктен астам мед­ициналық техниканың үлкен көлемін сатып алу көзделуде. Әлеуметтік қолдау бағытында да ке­шен­ді жоспар аясында оңтайлы шешімдер ен­гізілген. 18 жастан асқан психоневро­ло­гиялық аурулары бар адамдарға арналған орталық ашылады. Ол жерде стационарлық үлгідегі (тәулік бойы) және жартылай ста­ционарлық (күндізгі болу) жағдайларда ересек мүгедек адамдарға арнаулы әлеу­мет­тік қызметтер көрсетіледі. Орталықтың ашы­луы туыстары мен жақындарына ста­ционарға баруға, сондай-ақ демалыс күн­дері бірге уақыт өткізуге мүмкіндік береді. Ұлытау Ауызсу – өмір нәрі Жезқазған қаласы тұрғындарын сапалы ауызсумен қамтамасыз ету мақсатында, мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде шаруашылық-ауызсу тазарту ғимараттарын қайта жаңарту жобасының ІІ, ІІІ кезектері жүзеге асырылуда. Бүгінгі күні Жезқазған қа­ласында жерасты суы мен Кеңгір су қой­масының халық тұтынып отырған ауыз­судағы үлес салмағы 40-60%-ды құрайды. ІІ кезектегі жобаның ерекшелігі – «Кері ОСМОС» мембраналық су тазарту техно­ло­гиясы енгізілген. Ол арқылы су құрамын жерасты су көздерінің деңгейіне дейін жет­кізіп, тұрғындарға өте сапалы ауызсу ұсыну мүмкіндігі пайда болады. Жобаның жал­пы құны – 8,3 млрд теңге. Биыл қала­лық бюджеттен 700 млн теңге қаражат бө­лі­­ніп, су тазарту ғимаратының құрылысы бас­­талды. ІІІ кезек бойынша 1 600-ден 10 000 текше метрге дейін 5 таза су резер­вуар­ларын, 4 км алаңішілік желілер салу жә­не 2-ші көтермелі сорғы станциясын қай­та жаңарту көзделген. Жобаның жалпы құ­ны – 4,4 млрд теңге, құрылыс-монтаж жұ­мыс­тары 2019 жылы басталған, есепті ке­зеңге жұ­мыстың орындалысы 69 пайыз­ды қамти­ды. Жобалар 2023-2024 жылдарға өтпелі. Сонымен қатар қалаішілік ауызсу құ­быр­­ларының 217 км қайта құрылымдаудан өтуде. Облыс бойынша бірқатар ірі су қойма­лары мен өзендерді тазалау жұмыстары жүр­гізіледі, яғни Кеңгір су қоймасы, Жезді су қоймасы, Ұлытау көлі, Жаңаарқа ауда­нын­дағы Терісбұтақ өзені тазаланады. Шал­ғы су қоймасының бөгеті, Манақ бө­ге­ті күрделі жөндеулерден өтеді, Ақтайлақ су қоймасының бөгетін қайта жаңарту жә­не гидроқұрылысы жөніндегі жұмыстар жүр­гізіледі. Жезқазған қаласындағы Кос­тен­көлсай батпақты көлі әкімдік балан­сы­на алынып, тазарту мен санация жасалады. Сондай-ақ, сөз соңында атай кетсем, тө­тенше жағдайлардың алдын алу мақса­тын­да осы саланың материалдық-техни­ка­лық базасын нығайтып толыққанды жұмыс жүргізуіне жағдай жасалады. Ол үшін Жезқазған қаласындағы Кеңгір су қой­масының жағасында жедел-құтқару жа­сағының ғимаратын салу, Ұлытау ауданы Ұлы­тау ауылындағы №5 өрт сөндіру беке­тінің ғимаратын күрделі жөндеуден өткізу, қалалық және аудандық орталықтардағы өрт сөндіру мекемелері үшін материалдық-техникалық базаны күшейту жүргізіледі. Жезқазған және Сәтбаев қалаларына өрт сөндіру деполары салынады. Жалпы, іс-шаралардың барлық ке­ше­нін іске асыру өнеркәсіп көлемінің 41%-ға, оның ішінде өңдеу өнеркәсібінің көлемінің 35%-ға өсуін қамтамасыз етеді. Негізгі ка­питалға салынған инвестиция көлемі 3,7 есе, ал ШОБ субъектілерінің өнім шығаруы 2,5 есеге өседі. Мультипликативті әсер 9,5 мың­нан астам жаңа тұрақты жұмыс орын­дарын құру болады деп жоспарланып отыр.

Мереке МЫРЗАБЕКОВА, Ұлытау облысы әкімдігінің Қоғамдық даму басқармасының басшысы