Алдағы екі-үш күнде ауа райы қандай болады?
Алдағы екі-үш күнде ауа райы қандай болады?
Фото: sputnik.kz
1,404
оқылды
«Қазгидромет» 3-5 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронт әсерінен ауа райы құбылмалы болады. Тек қана батыста жауын жаумайды. Республиканың солтүстік-батыс, солтүстік, шығыс пен орталығында бұрқасын күшейеді, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста тұман күтіледі.
«Түнде батыста ауа температурасы 10-22 градус аяз, оңтүстік-батыста 3-15 градус аяз, солтүстік-батыста және солтүстікте 20-30 градус аяз, орталықта 13-22 градустан 20 градусқа дейін төмендейді, шығыста 25-34 градус аяз, республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында 5-15 градус аяз, таулы аймақтарда 15-20 градус аяз болады» делінген хабарламада.