Алматыда жанармай құю бекетін тонаған күдіктілер ұсталды – видео
Алматыда жанармай құю бекетін тонаған күдіктілер ұсталды – видео
Фото: polisia.kz
379
оқылды
Алматыда жанармай құю бекетіне шабуыл жасаған күдіктілер анықталды. Polisia.kz-тің дерегінше, олар 100 мың теңге мен екі телефонды ұрлаған. «Жанармай құю бекетіне түнгі сағат екіде қарақшылық шабуыл жасады. Бетперде киген екі адам қолында шеге суырғыш және балтамен жанар-жағармай құю бекетіне кіріп, кассир мен күзетшіні бөлмеге қамап, қызметкерлердің телефоны мен кассадағы ақшаны ұрлап кеткен. Ұрлық бейнебақылау камерасына жазылып қалған. Күдікті 23 жастағы Т. есімді азамат және 22 жастағы М. сол күні анықталып, қамауға алынды», – деді Медеу аудандық ПБ-ға қарасты полиция бөлімінің бастығы Елнұр Құдретбаев.   https://www.youtube.com/watch?v=N0Wemm1i5pc&feature=emb_rel_end Олар Алматыға жұмысқа орналасу үшін келген. Тергеу жүргізіліп жатыр.