Түркістан облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды
Түркістан облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды
0
1,156
оқылды
Бүгін Қазақстан  Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша, облыс әкімінің өкімімен Бейсен Тәжібаев Түркістан облысы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды. Дархан Сатыбалды жаңа орынбасарды таныстырып, қызметіне сәттілік тіледі.
– Мемлекет тарапынан үлкен сенім мен жауапкершілік жүктеліп отыр. Идеология, білім, мәдениет, спорт, туризм салалары бойынша маңызды міндеттерді атқару керек. Өте күрделі салалар екенін білеміз. Жұмысыңызға сәттілік тілейміз, – деді Дархан Сатыбалды.
 width= Бейсенбай Дәулетұлы Тәжібаев 1982 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Мамандығы – журналист, құқықтанушы. Еңбек жолын 2002 жылы «Шымкент келбеті» – «Панорама Шымкента» газеттерінің тілшісі болып бастап, 2005-2017 жылдар аралығында «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ облыстық филиалының редакторы, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты баспасөз қызметінің басшысы, «Оңтүстік Қазақстан» қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы, «Айқын» газетінің Астана қаласындағы тілшілер қосынының жетекшісі, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты баспасөз қызметінің басшысы – баспасөз хатшысы лауазымын атқарды. 2018-2019 жылдары Түркістан облыстық Ішкі саясат басқармасының басшысы болды. 2019-2022 жылдары «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, 2022 жылдың наурыз айынан бастап осы күнге дейін «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының Атқарушы хатшысы лауазымын атқарып келді. Сондай-ақ  2020 жылдан Түркістан облыстық мәслихатының VII шақырылымдағы депутаты. Мәслихаттағы «AMANAT» партиясы фракциясының жетекшісі болды.  width= Бейсенбай Тәжібаев әр жылдары мемлекеттік наградалармен марапатталған. Атап айтқанда, «ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл» медалі, «ҚР Президентінің Алғысхаты» (Омырау белгісімен), «Халық алғысы» медалі, «Құрмет» орденінің иегері.