Боксшы Айдос Ербосынұлы комадан шыққаннан кейінгі алғашқы суретін жариялады
Боксшы Айдос Ербосынұлы комадан шыққаннан кейінгі алғашқы суретін жариялады
Фото: Instagram/yerbossynuly_aidos
357
оқылды
Қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы ұзақ уақыт үзілістен соң суретін жариялады. Боксшының Instagram желісіндегі парақшасынд «Әльхамдулиллаһ» деген сөзбен жариялаған суретінен оның қазіргі жағдайының жақсы екенін көруге болады. Айта кетсек, 6 қарашада орта салмақтағы қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы WBA Regular тұжырымы үшін жекпе-жекте кубалық Дэвид Моррельдің нокаутынан кейін комаға түсіп, артынша ота жасалған болатын. Кәсіпқой бокста күш сынап, алыс шетелдерде еліміздің атын шығарып жүрген боксшының тағдырына барша қазақстандықтар ғана емес, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та қолдау білдіріп, жеделхат жөнелткен еді. Кейіннен Айдос Ербосынұлының денсаулығының оңалып келе жатқаны хабарланған болатын.