Бас прокуратура қазақстандықтарды Әбіләзовтің арбауына түспеуге шақырды
Бас прокуратура қазақстандықтарды Әбіләзовтің арбауына түспеуге шақырды
© 24.kz
150
оқылды
Бас прокуратураның ресми өкілі Оксана Петерс халықты заңсыз митингтерге үндейтін Мұхтар Әбіләзовтің арбауына түспеуге шақырып, үндеу жасады. Ресми өкіл  Әбіләзовтің жымысқы әрекеттерін айта келе, оның оффшорлық мемлекеттер арқылы елден 7,5 миллиард долларды жымқырғанын еске салды. Қазіргі таңда оның 1 миллиарды қайтарылған. Әбіләзовтің заңсыз әрекеттерінен тек Қазақстан ғана емес, Франция, Германия, Америка және өзге де елдер зардап шеккен. Қазіргі таңда қылмыстық іс бойынша оның үстінен 8  бірдей айып тағылып отыр. 42 азамат сотқа тартылған. "Әбіләзовтің көксегені - еліміздің тыныштығы, азаматтардың амандығы емес, жеке басының мүддесі, мансабы. Ол қылмыстық жауаптылықтан құтылуды көздейді. Бұрын өзі жымқырған сіздердің қаражаттарыңызды митингке шыққандарға төлеуде. Біз сіздерді арандатушылыққа бой алдырмауға, заңсыз акцияларға қатысудан бас тартуға шақырамыз", - деді Бас прокуратураның ресми өкілі Оксана Петерс.