Балалар әдебиетіне арналған республикалық конкурс жарияланды

Балалар

Алматы қаласы әкімдігінің Мәдениет басқармасы мен Қазақстан Жазушылар одағы  Jas qalam  атты балалар әдебиетінің үздік туындыларының республикалық конкурсын жариялайды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды  Балалар жылы  деп мәлімдегені баршаға белгілі.

Елдің тірегі, болашағы – бүгінгі жас өрендеріміз. Ал әдебиет балаларымыздың санасына сәуле шашар негізгі тәрбие құралы екені айдан анық. Әдебиет арқылы балалардың ой-өрісі, қиялы қалыптасады. Ертегі, өлең сияқты әдебиет маржандарымен сусындап өскен баладан келешекте мықты тұлғалар шығатынын болжау қиын емес.

Байқаудың мақсаты – балалар әдебиетіне қалам тербеуге мүдделі қаламгерлер қатарын көбейтуге, әрі балалар әдебиеті бағытындағы жаңа шығармалар легін қосу мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Бұл байқауды биылғы Балалар жылы аясындағы озық шаралардың бірі деп  атауға болады. Келіп түскен шығармалар кітап болып жарық көреді.

Байқау ережесімен мына сілтеме арқылы танысуға болады.

Байқау айқын
Байқау айқын
Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.