Алматыдағы тұрғын үйлердің бірінде лифт құлап, 1 адам көз жұмды

Алматыдағы тұрғын үйлердің бірінде лифт құлап, 1 адам көз жұмды

Алматы қаласында салынып жатқан тұрғын үйлердің бірінде лифт құлап, бір адам көз жұмды, – деп хабарлайды polisia.kz.

«Полиция еңбекті қорғау қағидаларын бұзу фактісі бойынша тергеуді бастады. Іс ҚР ҚК-нің 156-бабы 3-бөлігі бойынша тіркелді. Фактіні Алмалы ауданы ПБ жанындағы полиция бөлімінің қызметкерлері тексеруде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда», – делінген полиция хабарламасында.