Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңға қол қойды. Бұл туралы Ақорда хабарлады. Заңда 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап мынадай өзгеріс көзделген: ең төменгі жалақы мөлшері – 70 000 теңге; мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 24 341 теңге; ең төменгі зейнетақы мөлшері – 53 076 теңге; айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 3 450 теңге; базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейі – 40 567 теңге.