Алматыда лифт құлап, ер адам қаза тапты
Алматыда лифт құлап, ер адам қаза тапты
Полиция қаладағы тұрғын үйлердің бірінде лифт құлап, ер адамның қаза тапқанын хабарлады.
– 30 қарашада Алматы қаласында салынып жатқан тұрғын үйлердің бірінде жеделсаты құлап, адам қаза тапты. Іс ҚР ҚК-нің 156-бабының 3-бөлігі бойынша тіркелді (Абайсызда адам өліміне әкеп соққан еңбекті қорғау қағидаларын бұзу),– делінген полиция хабарламасында.
Оқиғаның мән-жайлары анықталып жатыр.