Месси Мексика құрамасының жейдесіне қатысты дауға пікір білдірді
Месси Мексика құрамасының жейдесіне қатысты дауға пікір білдірді
1,170
оқылды
Аргентина құрамасының капитаны және шабуылшысы Лионель Месси жеңісті тойлау кезінде Мексиканың туы бар футболканың жерде жатқанына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sports.ru.
"Бұл түсінбестік. Мені танитындардың бәрі ешкімге құрметсіздік көрсетпейтінімді біледі. Матчтен кейін ондай жағдайлар болып жатады. Мен кешірім сұрайтындай ештеңе болған жоқ, өйткені мексикалықтарға немесе олардың құрамасының футболкасына құрметсіздік көрсеткен емеспін", - дейді Месси.