Жұмыстары кестеге сай жүргізіледі
Жұмыстары кестеге сай жүргізіледі
«AMANAT» партиясының Алматы облысы Іле аудандық партиялық ба­қылау комис­сия­­сының төра­ғасы, аудан­дық мәслихат де­путаты С.Жарқынбеков же­текшілік еткен комиссия мү­шелері мен аудандық мәс­лихат де­путаттары партия­ның Іле ау­даны бойынша сайлауалды бағдарлама­сы­ның жүзеге асырылуын тұ­рақты назарда ұстап келеді. Партияның Іле ауданы бойын­ша сайлауалды бағдарламасын іске асыру Жол картасына сай ау­данда бірнеше мектеп салынып жатыр. Комиссия мүшелері Жаңа­­талап ауылындағы 600 орын­­­дық, Междуреченск, Көк­қайнар ауылы мен Боралдай кентіндегі 1 500 орын­дық мектеп құрылысына рейд ұйымдастырды. Жаңаталап ауылындағы мектеп құрылысын мойнына алған мер­дігер «Құры­лыс» жауапкершілігі шектеулі се­рік­тестігінің 72 адамы нысанды бел­гіленген мерзімде тап­сыру мақ­сатына жұмылдырыл­ған. Ғимараттың 2 блогы бойынша жұмыс 40-50 пайызға атқарылып, электр желісін тарту жұмысы аяқ­талған. Тексеру барысында мектеп жанындағы шығаберіс жолдарға арналған жер телімдері әлі толық­қанды заңдастырыл­ма­ғаны анықталды. BI Global ЖШС жүргізіп жатқан Көкқайнар ауылындағы мектеп құрылысына 125 жұмыс­шы жұмылдырылса, Междуре­ченск ауылы «Шабыт» ықша­мау­данындағы 1 500 орындық мектеп құрылысында 120 жұмысшы жұ­мыс істеп жатыр екен. Борал­дай кентіндегі 1 500 орындық мектеп құрылысында 130 адам еңбек етіп жатыр. Аталған ны­сандарда жұ­мыстар кестеге сай жүргізілуде. Барлық жұмысты келер жылдың мамыр айында аяқтау жоспар­ланыпты. Өтеген батыр ауылы «Қуат» ықшам­ауданындағы 72 пәтерлі үй құ­рылысында да тірлік қызу. Мұнда алдағы қаңтарда қо­ныс­тойы тойлануға тиісті. Осы «Қуат» ық­шамауданында салы­нып жатқан аудандық Мәдениет үйінің құ­рылысы да кестеге сай жүргізілу­де. 2023 жылы қыркүйек айында пайдалануға беріледі. Рейд барысында анықталған мәселелер депутаттық фракция мен партиялық бақылау комис­сиясы отырыстарында қаралып, тиісті шешімдер қабылданады және жауапты органдарға сауал жолданып, бақылауға алынатын болды.

Болат АБАҒАН, Алматы облысы