Баспанасыз қалған отбасына көмектесті
Баспанасыз қалған отбасына көмектесті
353
оқылды
Көкшетаудағы Бірлік ық­ша­мауданындағы жер үй­лердің бірінде өрт шығып, бір үйді паналап отырған екі от­ба­сы қақаған қыста баспа­на­сыз қалды. Тілсіз жау үйдің ша­тыры мен бөлмелерін жал­мап, жиһаз бен киім-ке­шек­тен түк қал­дырмаған. Болған жағдайға бейжай қарай алмаған «AMANAT» партиясының Ақмола облыстық филиалының қызметкерлері жылу жинап, киім-кешек, азық-түлік және қаржылай көмегін жасап, қиналған отба­сының жағдайын біліп қайтты. Жер үйдің бір жағын жалдап тұрып жатқан көпбалалы отбасы қазір туыстарының үйінде тұрып жатыр. Оларға партияның қоғам­дық қабылдау бөлмесінің мең­герушісі Ақманат Әлімбетова заң аясында көрсетілетін көмек пен көпбалалы отбасы ретінде тұрғын үй кезегіне тұру, жалдамалы үй мен үкіметтік несие бағдарламалары жөнінде кеңес берді. Ал ешкімге қол жаймай күн­дерін көріп отырған үйдің иесі мен оның отбасы қазір өрттен қалған дүние-мүлікті тазалап, үйін ретке келтіріп, бала-шағасымен аман қалғанына шүкір айтып жатыр.