Тұрғындардың талап-тілегіне құлақ түрді
Тұрғындардың талап-тілегіне құлақ түрді
461
оқылды
«AMANAT» партиясы Батыс Қазақстан облыстық фи­лиа­лының атқарушы хат­шысы Мұрат Мұқаев аза­мат­тарды жеке сұрақтарымен қабыл­дады. Қабылдауға же­кемен­шік жер учаскесінің үсті­нен заңсыз екі жоғары вольт­ті электр сымы тар­тыл­ған 73 жастағы зейнеткер келді. Қарияның айтуынша, үй са­лынған кезде бұл электр сымдары тартылмаған. Меншік иесі ретінде де бұл сымдарды өткізуге не жауапты мекемелер де, не электр сымдарын өткізген азамат та рұқ­сатын алмаған болып шықты. Ендігі кезекте бұл сымдардың вольті тым жоғары болғандықтан, өмірге де қауіпті және де үйінің төбесі құлап, қиын жағдайға тап болған. Осы үйді бұзып, жаңа үйдің құрылысын бастайын десе, жер участогінде жоғары вольтті электр сымдары бар деп жауапты органдар рұқсат бермей отыр. Желаев ауылының әкімдігіне де, Батыс Қазақстан облысы бойын­ша Атом және энергетикалық қа­дағалау және бақылау комите­тінің аумақтық департаментіне барып, өтініш те жазған, басшы­сы­на да жолыққан. Бірақ еш­қандай тұшымды жауап болмаған. Мұрат Рахметұлы өз кезегінде қариядан барлық мән-жайды біліп, Батыс Қазақстан облысы­ның заң консультанттары пала­та­сының төрағасы, заңгер Ренат Телеупов және облыстық филиал­дың заңгерлерімен бірігіп, аталған мәселе бойынша Батыс Қазақстан облысы бойынша Бас прокура­тураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу коми­те­тінің басқармасына хат дайындап, жолдауға сөз берді. Сонымен қатар қабылдауға №21 мектептің кіреберіс жағын ауыс­тыру бойынша ата-аналар мен тұрғындар келді. Олардың айтуынша, ол мектепте бірнеше кіреберіс жолдары бар екен. Бірақ Ықсанов көшесі жағынан кіре­беріс дұрыс қойылмаған. Себебі ол кіреберісте таңнан кешке дейін ата-аналардың көп келуінен көлік кептелісі пайда болады. Салдары­нан тұрғындарға жеке көлік­те­рімен ол жерден шыға алмайды. Осы мәселе бойынша бүгін қала әкі­мінің орынбасары Мирболат Нұржанов және ата-аналармен бірге сол мектептің жайымен та­нысып, білу үшін мектеп дирек­торына жолығатын болады. Келесі болып денсаулық мә­се­лесі бойынша қала тұрғыны кел­ді. Облыстық Денсаулық сақ­тау басқармасына, қала әкім­дігіне қанша барса да, мәселесі әлі ше­шім таппаған екен. Бұл сұрақ бойынша тұрғын әлеу­меттік мә­селелер бойынша тұ­рақты ко­мис­сияның төрайымы, облыстық мәс­лихат депутаты Алия Салие­ва­ның қабылдауына жазылды.