«AMANAT» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының атқарушы хатшысы Мұрат Мұқаев азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдады. Қабылдауға жекеменшік жер учаскесінің үстінен заңсыз екі жоғары вольтті электр сымы тартылған 73 жастағы зейнеткер келді. Қарияның айтуынша, үй салынған кезде бұл электр сымдары тартылмаған. Меншік иесі ретінде де бұл сымдарды өткізуге не жауапты мекемелер де, не электр сымдарын өткізген азамат та рұқсатын алмаған болып шықты. Ендігі кезекте бұл сымдардың вольті тым жоғары болғандықтан, өмірге де қауіпті және де үйінің төбесі құлап, қиын жағдайға тап болған. Осы үйді бұзып, жаңа үйдің құрылысын бастайын десе, жер участогінде жоғары вольтті электр сымдары бар деп жауапты органдар рұқсат бермей отыр. Желаев ауылының әкімдігіне де, Батыс Қазақстан облысы бойынша Атом және энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің аумақтық департаментіне барып, өтініш те жазған, басшысына да жолыққан. Бірақ ешқандай тұшымды жауап болмаған. Мұрат Рахметұлы өз кезегінде қариядан барлық мән-жайды біліп, Батыс Қазақстан облысының заң консультанттары палатасының төрағасы, заңгер Ренат Телеупов және облыстық филиалдың заңгерлерімен бірігіп, аталған мәселе бойынша Батыс Қазақстан облысы бойынша Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің басқармасына хат дайындап, жолдауға сөз берді. Сонымен қатар қабылдауға №21 мектептің кіреберіс жағын ауыстыру бойынша ата-аналар мен тұрғындар келді. Олардың айтуынша, ол мектепте бірнеше кіреберіс жолдары бар екен. Бірақ Ықсанов көшесі жағынан кіреберіс дұрыс қойылмаған. Себебі ол кіреберісте таңнан кешке дейін ата-аналардың көп келуінен көлік кептелісі пайда болады. Салдарынан тұрғындарға жеке көліктерімен ол жерден шыға алмайды. Осы мәселе бойынша бүгін қала әкімінің орынбасары Мирболат Нұржанов және ата-аналармен бірге сол мектептің жайымен танысып, білу үшін мектеп директорына жолығатын болады. Келесі болып денсаулық мәселесі бойынша қала тұрғыны келді. Облыстық Денсаулық сақтау басқармасына, қала әкімдігіне қанша барса да, мәселесі әлі шешім таппаған екен. Бұл сұрақ бойынша тұрғын әлеуметтік мәселелер бойынша тұрақты комиссияның төрайымы, облыстық мәслихат депутаты Алия Салиеваның қабылдауына жазылды.