Қиын жағдайда қалдырмайды

қиын жағдай

«АMANAT» партиясының Қы­зылорда облысы Жаңақорған ауданындағы филиалы әлеу­меттік аз қамтылған отбасыларға қаржылай, азық-түлік түрінде көмек көрсетіп келеді.

Соның бірі – Жаңақорған кентінің тұрғыны Болған Сүлейменова 24 жас­тағы ұлы Жомарт Қаппарға шұғыл ота жасау қажеттігі туындап тұрғанын айтып, партия филиалынан көмек сұрайды. Былтыр жұмыс орнында газ жары­лып, ұлының бет-аузын күйік шалған екен.

Анасының айтуынша, оқыс оқиға өткен жылғы 26 қаңтарда болған. Сол кезде зардап шеккен жігітке Астана қаласында шұғыл ота жасалған. Бірақ оң көзі жабылмай, екі қолы жабысып қалыпты. Соған орай Кореяда 80 млн теңгеге ота жасау қажет болады.

Өтініш иесінің мәселесі бойынша аудандық партия филиалы аудан жастары және қоғам белсенділерімен бірлесе отырып, көмек қорын ашуға ықпалын тигізді. Соның негізінде 35 млн теңге көлемінде қаражат жиналды. Бүгінде жарақат алған жігіт Кореяға алғашқы отасын жасауға аттанды.

«Көмек сұраған ананың жанай­қайына бей-жай қарай алмадық. Ол кісі партияның аудандық филиалына көмек сұрап келген бойда шұғыл әре­кетке көштік. «Өмірге үміт сыйла!» ат­ты қайырымдылық акциясын өткіз­дік. Арнайы қор ашу нәтижесінде қа­жетті қаражаттың бір бөлігі жиналып, алғашқы отасын жасауға Кореяға ат­танды. Ендігі жерде қаражаттың қал­ған бөлігін тауып, екінші отасын да жа­сауына күш салып жатырмыз», – дей­ді партияның аудандық филиалы­ның атқарушы хатшысы Арман Мажитов.

Жаңақорған кентінде тұратын жалғызбасты ана Нәзира Қасымханова да партияның аудандық аудандық фи­лиалына жүгініп, баспана алуға көмек сұрады. Оның өзі де, қызы да 3-топ мүгедегі. Бір көзі туабітті көрмейді.

Әзірге бұл отбасының жалдап тұ­рып жатқан үйінде жылу да жоқ. Сол себепті көктемге дейін ағайын-туыс­тың үйін паналауға мәжбүр. Жағдайын айтып партияның аудандық филиа­лына жүгінген өтініш иесіне «Айдың Нұры» қорының директоры Мөлдір Әшімханқызының демеушілігімен Жаңақорған кентінен үй берілді.

Жаңа баспанаға қоныстанған жалғызбасты ана партия филиалына алғысын білдірді. Аудандық партия филиалының атқарушы хатшысы әлеу­меттік жағдайы төмен отбасыларға қолдау білдіріп, қайырымдылық жасау әрқашан басты назарда екенін айтады.

Қызылорда облысы

Байқау айқын
Байқау айқын
Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.