Риддердегі апат: жылу қазандығы қашан іске қосылады?

Риддердегі апат: жылу қазандығы қашан іске қосылады?

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласындағы жылу электр орталығын қалыпқа келтіріп жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  ШҚО әкімдігінің мәліметінше, қазір Риддердегі жылу электр орталығында №4 жоғары қысымды қазандықты жөндеу және қалпына келтіру жұмысы аяқталған. Енді ол іске қосылуға толықтай дайын. Жүйедегі температура 60 градустан жоғары көтерілді. Бесінші қазандықты жөндеп жатыр. 5 желтоқсанға дейін ол жүйеге қосылады. Осылайша, барлық үш жоғары қысымды қазандық қондырғысы қалыпқа келтіріледі. Айта кетейік, 5 қараша күні сағат 20.00-де Риддердегі ЖЭО-да күл шығару жүйесіндегі сорғы істен шығып, №1 қазандық агрегатының қосалқы жабдығы апатты жағдайда ажыратылған болатын. Соның салдарынан 22 мыңнан абонент жылусыз қалды.