Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, бір тәулікте 173 адамнан коронавирус анықталды. 3 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 1 303 адам коронавирустан (–1 116+ және 187 КВИ-) емделіп жатыр. Оның ішінде, 176 пациент стационарда, 1 127 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. Науқастар арасында 7 адамның жағдайы ауыр, 3 пациенттің жағдайы өте ауыр, 3 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.