Қызы есірткі таратып, әкесі қару-жарақ сақтаған

Қызы есірткі таратып, әкесі қару-жарақ сақтаған
Фото: kazlenta.kz

Петропавлдың 29 жастағы тұрғыны синтетикалық есірткі таратты деген күдікпен ұсталды. Әкесінің гаражынан заңсыз сақталған бірнеше мылтық пен оқ-дәрі тәркіленді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің мәліметінше, 29 жастағы тұрғыны жедел тексеріс кезінде ұсталды. Ол Астана қаласынан облыс аумағында тарату үшін аса ірі көлемде синтетикалық есірткіні жеткізді деген күдікке ілініп отыр.

Жеке тінту кезінде қыздан қоңыр-сарғыш түсті ұнтақ тәріздес зат салынған 20 түйіншек алынды. Тұрғылықты жері бойынша полицейлер дәл осындай затпен полиэтилен пакеттерді, өлшеу құралдарын және заттың іздері бар электронды таразыны анықтады.

Синтетикалық есірткінің жалпы салмағы – 1 келі 113 грамм.

51 жастағы әкесінің гаражынан тіркелмеген қару тапты.

Байқау айқын
Байқау айқын
Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.