Алматылық вайнер полиция бекетінің төбесіне шығып, отшашу атқан
Алматылық вайнер полиция бекетінің төбесіне шығып, отшашу атқан
311
оқылды
24 қарашада жас жігіт өзіне және парақшасына көпшілік назарын аудартуды ұйғарып, Алматыдағы стационарлық полиция бекетінің төбесіне шыққан. Онымен қоймай отшашу атқан, содан кейін ізін суытқан. Қалалық ПД мәліметінше, полиция қызметкерлері біраз уақыттан кейін оның жеке басын анықтап, ұстаған. Полицейлер мұндай заңсыз әрекеттердің қатаң түрде жолы кесілетінін ескертеді. Жетісу аудандық Полиция басқармасы БАҚ пен әлеуметтік желідегі шуға әуес 21 жастағы жігіттің әрекетін ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігі (Ұсақ бұзақылық) және ҚР ӘҚБтК-нің 436-бабы 2-бөлігі (Елді мекендерде пиротехникалық бұйымдарды пайдалану) бойынша қараған. Ол Алматы бойынша мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен кінәлі деп танылып, 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.