Роман Скляр төтенше жағдай зардаптары толық жойылғанға дейін Екібастұзда болады
Роман Скляр төтенше жағдай зардаптары толық жойылғанға дейін Екібастұзда болады
264
оқылды
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр қалалық жылу желілеріндегі апаттың салдарын жою жөніндегі жұмыстарды бақылау үшін Екібастұзда болады. Бұл туралы Үкімет басшысының баспасөз қызметі мәлім етті. Жұмыс сапарымен Екібастұзда жүрген ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр жұмысты үйлестіріп, шұғыл шешімдер қабылдау үшін тұрақты түрде арнайы штаб отырыстарын өткізеді.  width= Атап айтқанда, қазір қалпына келтіру жұмыстарына барлығы 50-ден астам техника тартылды. 36 бригада (261 адам) жұмыс істеп жатыр. 3 желтоқсандағы сағат 12.00-дегі жағдай бойынша 76 үйдің 48-де жұмыс аяқталды, тағы 28 үй бойынша тиісті жұмыстар жалғасуда. Сонымен қатар қала тұрғындары үшін бұрынғыша 14 жылыту пункті жұмыс істеп тұр.  width= Қалпына келтіру жұмыстарының барысы – Үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың бақылауында. Роман Скляр төтенше жағдай зардаптары толық жойылғанға дейін Екібастұзда болады.  width=