Үшарал – Достық тасжолында екі жүк көлігін қатты жел төңкере салған
Үшарал – Достық тасжолында екі жүк көлігін қатты жел төңкере салған
447
оқылды
Жетісу облысындағы желдің екпіні қатты болғаны сонша Үшарал – Достық тасжолында екі "фура" бір жанына қарай құлаған. Жүргізушілер зардап шеккен жоқ, көліктер көтеріліп, өз жүрісін жалғастырды.
"Екі "фура" Үшарал - Достық тасжолының жүк және жолаушылар көлігінің қозғалысына шектеу енгізілген 60-120 шақырымы аралығындағы учаскеде аударылғанын хабарлаймыз. Екі жүргізуші де аман-сау. Автокөліктер көтеріліп, өз жүрісін жалғастырды", - деп мәлімдеді Жетісу облысы ПД баспасөз қызметі.
Сондай-ақ департамент бұл учаскеде жиі қатты жел болатынын, сондықтан бұл маң жүк және жолаушылар көлігі үшін қауіпті екенін нақтылайды. 3 желтоқсанда Екатеринбург – Алматы тасжолының учаскесінде қозғалыс қайта қалпына келтіріліп, алдында енгізілген шектеу күшін жойды.