АҚШ-тың Байланыс бойынша федералды комиссиясы (FCC) SpaceX ғарыш компаниясына екінші буын Starlink спутниктерін орбитаға жіберуге рұқсат берді. Starlink – Илон Масктың Жер шарының көп бөлігін қамтитын спутниктік интернет қызметі. Спутниктер жоғары жылдамдықты кабельді интернет үшін инфрақұрылымды орнату өте қымбат немесе іс жүзінде мүмкін емес аймақтарда интернет тарату қызметін қамтамасыз етеді. Starlink жүйесінің артықшылығы мен спутниктердің Gen2 буыны туралы Aikyn.kz жаңа технологияларға арналған SlashGear порталына сілтеме жасап хабарлайды.
[caption id="attachment_230518" align="aligncenter" width="1913"]
Starlink қазір бірнеше формада қолжетімді. Ең қарапайым деңгейде интернет сигналын қабылдау үшін абонент тәрелке сатып алып интернетке қосылады. Ғарыштағы спутниктер саны аз болғандықтан, кейбір аймақтарда пайдаланушылар тым көп болса, онда интернеттің жылдамдығы айтарлықтай баяулайды.Ал Starlink RV – жолда пайдалануға болатын сәл қымбатырақ қызмет. Абоненттер санының көп болуына байланысты оған қосылғандарға да жылдамдық шектеулері болуы мүмкін. [caption id="attachment_230519" align="aligncenter" width="1224"]
Дегенмен жүйе мінсіз емес және қазірдің өзінде бірқатар кемшілігі бар екенін көрсетті. Біріншіден, бұл кабельдік интернет сияқты сенімді әрі жылдам емес. Starlink премиум пакеті айына $500 тұрады және ең жоғары жылдамдығы – 500 Мбит/с. Оның негізгі пакеті әлдеқайда арзан, бірақ ең жоғары жылдамдығы –250 Мбит/с.[caption id="attachment_230520" align="aligncenter" width="1800"]
Екінші буынды жаңа спутниктер кейбір мәселелерді шешуге көмектеседі деп күтілуде. Байланыс бойынша федералды комиссия (FCC) SpaceX-ке 7 500 спутникті төмен орбитаға шығаруға рұқсат берді.Бұл – компанияның қазіргі желісіндегі ғарыш аппараттарынан 4 000-ға көп және «екінші буын» спутниктік желісі жоспарланған 29 988 спутникке жету жолындағы үлкен қадам. Бұған дейін интернет-компания бірінші буынды желісі үшін 4 500 спутникті ұшыруға рұқсат алған. [caption id="attachment_230521" align="aligncenter" width="1800"]
Осындай оң пейілге қарамастан, SpaceX өздеріне қажеттінің бәрін ала алмады. Өтінімнің бір бөлігі өтпеді және оларды реттеуші кері қайырды. Бұл туралы хабарламада: «...Бұл шектеулі келісім және басқа спутниктік, жерүсті операторларын зиянды кедергілерден қорғайды. Біз бәсекелестікті ынталандырып, болашақта пайдалану үшін жиілік спектрі мен орбиталық ресурстарды қорғау арқылы қауіпсіз ғарыштық ортаны қолдайды».SpaceX және Starlink үшін екінші буынды спутниктерді ғарышқа шығаруға үлкен жетістік. Gen 2 арқылы Starlink спутниктік интернет жылдамдығын өсіруге, ауқымын кеңейтуге мүмкіндік алады.