300 келiге жуық есірткі затын сақтаған шетел азаматы ұсталды

300 келiге жуық есірткі затын сақтаған шетел азаматы ұсталды

1 желтоқсанда Жамбыл облысы ПД және ҰҚКД бірлескен жұмыстары нәтижесінде есірткі өткізу арнасының жолын кесу бойынша арнайы операция жүргізілді. Операция барысында Өзбекстан Республикасының 43 жастағы азаматы облыс аумағында 200 келiден астам түрлі есірткі заттарымен ұсталды.

Ұсталған азаматтың Меркі ауданындағы тұрғылықты жерін тінту барысында жалпы салмағы 231 келi 916 грамм «кептірілген марихуана» есірткі затының 19 қапшығы және салмағы 2 келi 300 грамм «гашиш» есірткі заты табылды, сондай-ақ өсімдік затын ұнтақтауға арналған 2 елеуiш пен арнайы аппарат тәркіленді.

Күдікті кінәсін мойындап, Меркі ауданының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.

«Осы дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігімен (есірткі құралдарын аса ірі мөлшерде өткізу мақсатында заңсыз сақтау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Аталған бапқа сәйкес мүлкі тәркіленіп, 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген», - деп хабарлады Жамбыл облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Байқау айқын
Байқау айқын
Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.