Қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы қайтыс болды
Қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы қайтыс болды
1,659
оқылды
Қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада жүлдегері, баскетболдан аты аңызға айналған КСРО ұлттық құрамасының мүшесі Әлжан Жармұхамедов өмірден озды. Бұл туралы ЦСКА баскетбол клубының ресми сайтында жарияланды.
"Бүгін ЦСКА мен ұлттық құраманың тамаша ойыншысы Әлжан Жармұхамедов дүниеден өтті. Аты аңызға айналған Түркістан жыланы небәрі 78 жаста еді", - делінген хабарламада.
Әлжан Мүсірбекұлы - қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы. Тоғыз дүркін КСРО чемпионы (1970-1978 жж, 1980 ж.), КСРО құрамасының сапында үш рет Еуропа чемпионы (1967, 1971, 1979 жж.). Ол 1972 жылы Олимпиада чемпионы атанды.