"Бүгін ЦСКА мен ұлттық құраманың тамаша ойыншысы Әлжан Жармұхамедов дүниеден өтті. Аты аңызға айналған Түркістан жыланы небәрі 78 жаста еді", - делінген хабарламада.Әлжан Мүсірбекұлы - қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы. Тоғыз дүркін КСРО чемпионы (1970-1978 жж, 1980 ж.), КСРО құрамасының сапында үш рет Еуропа чемпионы (1967, 1971, 1979 жж.). Ол 1972 жылы Олимпиада чемпионы атанды.