Цукерберг Apple компаниясының жұмысын сынады
Цукерберг Apple компаниясының жұмысын сынады
Марк Цукерберг қолданбаларды бақылау мәселесінде Apple компаниясының әрекетін сынға алды. Фото Getty Images сайтынан алынды
297
оқылды
Meta компаниясының бас директоры Марк Цукерберг қолданбаларды бақылау мәселесінде Apple компаниясының әрекетін сынға алды. Кәсіпкер қосымшаларды пайдалануды iOS-та шектеу бәсекелестік қағидаттарына сәйкес еместігін айтты. Бұл туралы «Коммерсант» басылымына сілтеме жасап Aikyn.kz хабарлайды. [caption id="attachment_230531" align="aligncenter" width="1800"]Рисунок2 Цукербергтің айтуынша, Apple саясаты пайдаланушылар орнататын қосымшаларды бақылауға бағытталғандықтан, мобильді жүйедегі пайданың басым бөлігі осы компанияда қалады. Фото Getty Images сайтынан алынды[/caption] Цукерберг DealBook Summit конференциясында Apple біржақты түрде пайдаланушылар орнататын бағдарламаларды бақылайтынын мәлімдеген:
«Егер сіз қолданыстағы негізгі есептеу платформаларына қарасаңыз – Windows, Android, iOS... – қандай қолданбаларды қолдануға болатынын басқаратын жалғыз Apple компаниясы».
Кәсіпкердің айтуынша, компанияның саясаты пайдаланушылар орнататын қосымшаларды бақылауға бағытталғандықтан, мобильді жүйедегі пайданың басым бөлігі Apple компаниясына түседі. [caption id="attachment_230532" align="aligncenter" width="1800"]Рисунок3 Маск мырза Apple «сөз бостандығын жек көретінін» және әлеуметтік желіні AppStore дүкенінен алып тастаумен қорқытқанын айтқан. Фото Getty Images сайтынан алынды[/caption] Бұған дейін Twitter басшысы Илон Маск та Apple компаниясын сынға алған болатын.
Маск мырза Apple «сөз бостандығын жек көретінін» және әлеуметтік желіні AppStore дүкенінен алып тастаумен қорқытқанын айтқан.
Алайда Apple-дің бас директоры Тим Кук Twitter қосымшасын AppStore дүкенінен алып тастау жоспарда жоқ екенін жариялады.