Мүмкіндігі шектеулі жандардың отбасына көмір таратылды

Мүмкіндігі шектеулі жандардың отбасына көмір таратылды

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының қолдауымен республикалық «Иман» журналының 20 жылдығы аясында елордадағы 20 отбасыға көмір таратылды. 3 желтоқсан – Халықаралық мүгедектер күні. Осыған орай қайырымдылық шарасына негізінен мүмкіндігі шектеулі жандары бар отбасылар қамтылды. 20 отбасының әрқайсысына 10 қап, яғни жарты тонна көмір таратылды. Сондай-ақ оларға азық-түлік те жеткізілді. Қайырымдылық шарасына БАҚ өкілдері, атап айтқанда республикалық «Егемен Қазақстан», «Айқын» газетінің тілшілері, сондай-ақ Діни басқарманың «Мұнара» мен«Иман» басылымының қызметкерлері мен авторлары қатысты.