Алматы-Қорғас тас жолында Lexus көлігі қаққан балалардың бірі 2 желтоқсанда ауруханада көз жұмды.
"2 желтоқсандағы жағдай бойынша Алматы өңірлік балалар клиникалық ауруханасында жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен үш бала травматологиялық бөлімде ем алып жатыр. Үш баланың жағдайы орташа ауырлық деңгейінде деп бағаланады. Өкінішке қарай, дәрігерлер барлық қажетті көмек көрсеткенімен, 10 жасар баланы аман алып қалу мүмкін болмады. Ол алған ауыр жарақаттары салдарынан қайтыс болды. Оның ата-анасы және жақындарына көңіл айтамыз", – деп хабарлайды Алматы облысының Денсаулық сақтау басқармасы.